Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Сіздерді «Engineering Education: Challenges, Trends, Best Practices (EE: CTBP)» Халықаралық конференциясына қатысуға шақырады:

  • 2024 жылғы 3 - 4 қазан – Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ конференц-залы, Қазақстан, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі 19.
  • 2024 жылғы 14 - 16 қазан – Universiti Teknologi MARA (UiTM)-нің конференц-залы, Малайзия, Куала-Лумпур қаласы.

Конференцияның мақсаты: Тәжірибе алмасу, инженерлік білім беру саласындағы проблемаларды жетекші мамандармен талқылау, сондай-ақ халықаралық ғылыми және техникалық ынтымақтастықты кеңейту.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Индустриялық даму үшін инженерлік білім беруді трансформациялау.
  • Инженерлік білім берудегі CDIO халықаралық бастамасы.
  • Инженерлік бейіндегі оқытушыларды даярлаудағы өзекті білім беру технологиялары және цифрлық инновациялар.
  • Инженерлік кадрларды сертификаттау: сұрақтар мен мәселелер. 
  • Инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудың институционалдық траекториялары. 
  • Инженерлік білім берудегі цифрлық технологиялар және жасанды интеллект.

Конференция BR 21882257 «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру контекстінде инженерлік білім берудің ұлттық моделін құру» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Қатысушыны электрондық тіркеу «EE: CTBP» конференциясының сайтында жүзеге асырылады: https://www.do.ektu.kz/ee-ctbp24/Register 2024 жылғы 15 қыркүйек дейін.

Конференцияның жұмыс тілдері: ағылшын, қазақ, орыс.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері:

  • + 7 777 852 91 37 – Бизнес мектебінің деканы Закимова Альфия Манарбековна;
  • + 7 777 501 34 84 – Ғылыми - зерттеу жобаларын сүйемелдеу Кеңсесінің (SoP office)  бастығы Денисова Оксана Касымовна.

e-mail: [email protected]  

          https://www.do.ektu.kz/ee-ctbp24/About