Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университеті сіздерді «Дағдарыс жағдайындағы аймақтардың тұрақты дамуына геоақпараттық қолдау көрсету» тақырыбында өтетін ИнтерКарто. ИнтерГИС 30 Халықаралық конференциясына қатысуға шақырады. Конференция өтетін күндер:
- 2024 жылдың 1–3 қазанында – Өскемен қаласында (Қазақстан)
Конференцияның мақсаты: Тәжірибе алмасу, жетекші сарапшылармен аумақтың тұрақты дамуының экологиялық, экономикалық және әлеуметтік аспектілерін геоақпараттық қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік мәселелерін талқылау, сондай-ақ халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту.
Негізгі секциялар:
- Дағдарыс жағдайындағы аймақтардың тұрақты дамуына геоақпараттық қолдау: теория, әдістер, басқару практикасы
- Геоақпараттық үлгілеу және деректерді талдаудағы жаңа әдістер мен тәсілдер
- Жерді қашықтан зерттеу әдістері
- Әлеуметтік-демографиялық зерттеулерде карталар және ГАЖ
- Қоғамдық денсаулық зерттеулерінде карталар және ГАЖ
- Геоақпараттану және қоғамның қоршаған ортаны қорғауда және тәуекелдерді басқаруда қатысуы
- Мәдени және табиғи мұраны сақтау жобаларының геоақпараттық қамтамасыз етілуі
- Климаттық өзгерістерді зерттеуде геоақпараттық қолдау
- Экологиялық және тұрақты туризм
- Қала экологиясы және жоспарлау
- Білім беруде және ағартушылық қызметте карталар және ГАЖ
- Кавказ аймақтарының тұрақты дамуына геоақпараттық қамтамасыз етілуі
- Геологияда және кен өндіру ісінде ГАЖ
- Техносфералық қауіпсіздікте ГАЖ
- Жарияланым: InterCarto, InterGIS – Scopus дерекқорында индекстелген, 26 пайыздық
- Заманауи географиялық ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, Орталық Азияда апаттар қаупін басқару және ертерек ескерту бойынша жаһандық мақсаттар мен көрсеткіштерді әзірлеу
- Картографиялық геовизуализацияның қазіргі әдістері
Жарияланым: InterCarto, InterGIS – Scopus дерекқорында индекстелген, 26 пайыздық.
Конференция аясында 2024 жылғы 2 және 3 қазанда «Әлеуметтік-географиялық зерттеулерді геоақпараттық және картографиялық қамтамасыз ету» тақырыбында жас ғалымдарға арналған мектеп-семинар, сондай-ақ экскурсия өткізу жоспарлануда.
Қатысушыны электрондық тіркеу сайтында жүзеге асырылады: https://www.do.ektu.kz/intergis30/Register 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
ИнтерКарто. ИнтерГИС 30 Халықаралық конференциясы |
---|
https://www.do.ektu.kz/intergis30/About |
Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері:
- + 7 705 523 87 86 - Асылханова Жанна Александровна (деканның орынбасары)
- +7 777 147 69 06 - Тогузова Маржан Мельсовна (қауым. профессоры)
- e-mail: MToguzova@edu.ektu.kz