Д. Серікбаев Шығыс Қазақстан техникалық университеті 2023 жылдың 2-3 қазанында келесі жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарымен бірлесіп

  • Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақстан
  • Ақпараттық және есептеу технологиялары бойынша Федералды зерттеу орталығы (АЕТ ФЗО), Ресей
  • ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, Қазақстан
  • ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, Қазақстан
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан
  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан
  • Астана IT университеті, Қазақстан
  • Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Қазақстан
  • Новосибирск ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті, Ресей
  • Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті, Ресей
  • Сібір мемлекеттік телекоммуникациялар және информатика университеті, Ресей
  • Люблин техникалық университеті, Польша
  • Новосибирск мемлекеттік экономика және менеджмент университеті «НИНХ» (НМЭМУ), Ресей
  • РҒА СБ Есептеу математикасы және математикалық геофизика институты, Ресей
  • Обуда университеті, Мажарстан
  • Фрайбург университеті, Германия

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің құрылғанына 65 жыл толуына арналған дәстүрлі «Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education» (CITech–2023) Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары

Есептеу математикасы, сандық талдау, математикалық және компьютерлік модельдеу

  • Есептеу математикасы, сандық талдау
  • Алгоритмдер және күрделі процестерді компьютерлік үлгілеу
  • Физикалық процестерді үлгілеудің математикалық әдістері
  • Биоинформатика, биокомпьютер
  • Агрокибернетика

IT жаңа трендтері

  • Әр түрлі салалардағы АКТ
  • Блокчейн
  • Таратылған және параллельді жүйелер мен алгоритмдер
  • Бағдарламалық инженерия
  • Мобильді оқыту бағдарламалары
  • Бұлтты есептеу
  • Онтологиялық инженерия
  • Киберқауіпсіздік және ақпаратты қорғау
  • Веб және Интернет есептеулер
  • Жасыл IT технологиялар
  • Жоғары өнімділікті есептеу
  • Деректер туралы ғылым және аналитика
  • Серверлік технологиялар

Жасанды интеллект және машиналық оқыту

  • Басқару және шешім қабылдауда зияткерлік жүйелері;
  • Сымсыз және мобильді сенсорлық желілер;
  • Үлгіні айырып тану және машиналық оқыту;                              
  • Мехатроника/робототехника және ендірілген жүйелер;
  • Адам мен машинаның өзара әрекеттесуі;
  • Цифрлық сигналдарды өңдеу әдістері мен қолданулары

Маңызды күндер:

  • 2023 ж. 20 шілдесіне дейін - Тіркелу
  • 2023 ж.  1 тамызына дейін - Толық мәтінді мақалаларды ұсыну
  • 2023 ж.  1 қыркүйегіне дейін - Баяндаманы бағдарламаға енгізу туралы
  • 2023 ж.  8 қыркүйегіне дейін - Тіркеу жарнасын төлеу
  • 2023 ж.  8 қыркүйегіне дейін - Мақаланың соңғы нұсқасын ұсыну

Конференцияның жұмыс тілдері: ағылшын, орыс, қазақ.

Қатысуға өтінімдер: электронды тіркелеу 2023 жылдың 20 шілдесіне дейін https://do.ektu.kz/citech-2023/Account/Register конференция сайтында жүзеге асырылады.

Материалдарды ұсыну: көлемі 8-ден 10 бетке дейінгі баяндамалардың толық мәтіндері https://vestnik.ektu.kz/index.php/vestnik сілтемесі бойынша көрсетілген үлгі бойынша ресімделіп,  2023 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.

Конференцияның басталуына қарай баяндамалар жинағы «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Хабаршысы» (ҚР ҒжЖБМ ҒжЖБССҚЕК ұсынған) журналында жарияланады. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қарастырылмайды.

Конференцияның халықаралық сарапшылық кеңесі таңдаған баяндамалар «AIP Conference Proceedings» (Scopus ДБ индекстелген) мақалалар жинағында  басып шығару жоспарлануда.

Конференцияны өткізу орны мен мерзімі

  • 2 қазан 2023 жыл – Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ конференц-залы,  Серікбаев к.,19, Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы
  • 3 қазан 2023 жыл – Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы «Простор» кампусының конференц-залы  

Байланыстар: [email protected]

«Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education» (CITech-2023) халықаралық конференциясы