2025 жылғы 25–27 маусым | Өскемен қаласы
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
«Үлбі металлургия зауыты» АҚ
2025 жылғы 25–27 маусым аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында «Сирек кездесетін металдар: перспективті технологияларды әзірлеу» тақырыбында ғылыми-технологиялық сессия (ҒТС) өтеді.
Іс-шараның мақсаты — сирек кездесетін металдар саласындағы технологиялық сын-қатерлерді талдап, оларды шешу жолдарын қолданбалы ғылыми-зерттеу жобалары арқылы анықтау үшін ғалымдар, инженерлер мен өндіріс саласының сарапшыларының күшін біріктіру.
Сессия ғылыми әзірлемелерді өндірістік қосылған құн тізбегіне интеграциялауға бағытталған технологиялар трансферін күшейту жөніндегі ұлттық бастаманың аясында өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Ғылым мен өндіріс арасындағы кооперацияны нығайту, сирек кездесетін металдар металлургиясы мен болашақ технологиялар саласында қолданбалы зерттеулерді іске асыруға негіз болатын жобаларды қалыптастыру.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
- «Ғылым қоры» АҚ
- «Үлбі металлургия зауыты» АҚ
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Ғылыми-технологиялық сессияның құрылымы:
- «ҮМЗ» АҚ өндірістік нысандарына индустриялық сапарлар
- ШҚТУ қабырғасындағы аналитикалық және пікірталас сессиялары
- ҒЗЖ-ға арналған техникалық тапсырмаларды тұжырымдау бойынша стратегиялық топтық жұмыс
Сессияның негізгі кезеңдері:
1-күн – Индустриялық:
«ҮМЗ» АҚ-ның тантал, бериллий және уран өндірістерімен танысу, өндірістік контекстті талдау және ғылыми қызығушылық нүктелерін анықтау.
2-күн – Аналитикалық:
Ресми тұлғалардың құттықтау сөздері, зерттеу міндеттері бойынша пікірталастар, қолданбалы зерттеулердің логикасын әзірлеу.
Модератор: Иван Трусов, PhD, «Ғылым қоры» АҚ сарапшысы.
3-күн – Жобалық:
Техникалық тапсырмаларды тұжырымдау және ұсыну, сараптамалық бағалау, болашақ зерттеулердің басым бағыттарын айқындау және қаржыландыру тетіктерін талқылау.
Сессия жұмысына қатысатындар:
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері
- «Қазатомөнеркәсіп» АҚ және «ҮМЗ» АҚ сарапшылары мен өндірістік мамандары
- Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының зерттеу топтары
- Ғылыми-зерттеу институттарының, ғылым қорларының және индустриялық әріптестердің өкілдері
«Сирек кездесетін металдар: перспективті технологияларды әзірлеу» атты ғылыми-технологиялық сессия ғылым мен өнеркәсіп арасындағы диалог алаңы болып, жаңа зерттеу бастамаларына жол ашады және ШҚТУ-дың технологиялар трансфері, инженерлік кадрлар даярлау мен ғылыми консорциумдар қалыптастыру орталығы ретіндегі миссиясын тағы бір мәрте дәлелдейді.