«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ жанындағы 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D07201 – «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Айтбаева Салтанат Сабидоллаевнаның «Қалба-Нарым белдеуі (Шығыс Қазақстан) гранитоидтарының қалыптасу заңдылығы, заттық құрамының ерекшеліктері және кенділігінің критерийлері» тақырыбындағы докторлық диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс КЕАҚ «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің» Жер туралы ғылымдар мектебінде орындалған.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: орыс.
Қорғау форматы: аралас
Ғылыми кеңесшілер:
- Мизерная Марина Александровна – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
- Селтман Раймар (Seltmann Reimar) – профессор, геология ғылымдарының PhD докторы, «CERCAMS, Earth Sciences Department, Natural History Museum» директоры, Лондон қ., Ұлыбритания;
- Котлер Павел Дмитриевич - геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, В. С. Соболев атындағы Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімі Геология және минералогия институтының аға ғылыми қызметкері, Новосибирск қ., Ресей Федерациясы.
Рецензенттер:
- Копобаева Айман Ныгметовна – философия докторы (PhD), «Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі - 5;
- Бекботаева Алма Анарбековна – философия докторы (PhD), «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ Қ. Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ институты «Геологиялық түсірілім, пайдалы қазба кен орындарын барлау» кафедрасының профессоры, Алматы қ. Қазақстан Республикасы. Хирш индексі - 12.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Құрманғажина Мәдина Мұхтарбекқызы – философия докторы (PhD), «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ Қ. Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ институты «Геологиялық түсірілім, пайдалы қазба кен орындарын барлау» кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексі - 3;
- Сүйекпаев Ертлек Серікканович – философия докторы (PhD), «Green Solutions Associates» ЖШС директоры, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы. Хирш индексі - 3;
- Жураев Мехрож Нуриллаевич – геология-минералогия ғылымдары бойынша философия докторы (PhD), Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық унивеситеті «Геология, кен орындарын іздеу және барлау» кафедрасының доценті, Ташкент қ. Өзбекстан. Хирш индексі - 3.
Аралас формат: 2025 жылдың 30 маусым айында, сағат 10.00-де.
Мекен-жайы: 070004, Өскемен қ., Серікбаев көшесі, 19, Г-1-139 аудитория.
Сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/86972407663?pwd=qdD92NVTzs2Ga6Dp2IRvad5U14GUAX.1
Конференция идентификаторы: 869 7240 7663
Код: 246360
Этикалық комиссияның қорытындысы
Жариялау күні: 30.05.2025
Жариялау күні:24.06.2025
Жариялау күні:03.07.2025
Хабарландырулар тізімiне қайта оралу
Соңғы өзгерістер күні:03.07.2025