Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық  университетінің жанынан құрылған D094 – Ақпараттық технологиялар: 8D06101 – Ақпараттық жүйелер бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде 8D06101 – Ақпараттық технологиялар (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Федькин Евгений Михайловичтың  «Жоғары оқу орындарында дәстүрлі және қашықтықтан оқыту кестелерін жасаудың модельдерін, әдістері мен алгоритмдерін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.

Диссертация Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі базасында орындалды.

Қорғау тілі: орысша.

Ғылыми кеңесшілер:

  1.  Денисова Н.Ф. – ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Ақпараттық технологиялар департаментінің цифрлық офицері, «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ, Өскемен қ., Қазақстан;
  2.  Крак Ю.В. – ф-м.ғ.д., профессор, Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің теориялық кибернетика кафедрасының меңгерушісі, Киев қ., Украина.

Ресми рецензенттер:

  1.  Белощицкий Андрей Александрович – т.ғ.д., «Astana IT University» ЖШС ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қазақстан. Рецензентте докторанттың зерттеу саласы бойынша 5-тен (бестен) астам ғылыми мақаласы бар.
  2.  Копеев Жанат Бактжанович – PhD, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы, Астана қ., Қазақстан. Рецензентте докторанттың зерттеу саласы бойынша 5-тен (бестен) астам ғылыми мақаласы бар.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

Пак Александр Александрович – т.ғ.к., Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің профессоры, (мамандық шифры: 05.13.18-математикалық модельдеу, сандық әдістер мен бағдарламалар кешені). Хирш индексі – 8.

Ахметова Жанар Жумановна – PhD докторы, Ақпараттық технологиялар факультетінің «Информатика және ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының доценті, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, (мамандық шифры: 6D070300-Ақпараттық жүйелер). Хирш индексі – 3.

Солтан Гульжан Жексенбаевна – т.ғ.к., Астана IT университеті академиялық департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы (мамандығының шифры: 05.25.05 - Ақпараттық жүйелер және процестер, информатиканың құқықтық аспектілері). Хирш индексі – 3.

Родионов Алексей Сергеевич – т.ғ.д., доцент, РҒА Cібір бөлімшесінің есептеу математикасы және математикалық геофизика институтының жүйелік модельдеу және оңтайландыру зертханасының меңгерушісі, Новосибирск қ., РФ. Хирш индексі – 10.

Қорғау 2023 жылдың 21 желтоқсан күні сағат 14:00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің D094 - «Ақпараттық технологиялар»: 8D06101 – «Ақпараттық жүйелер» бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.

Мекен-жайы: Өскемен қ., Серікбаев к., 19, Г1-115 аудитория.

Сайт адресі: www.ektu.kz

ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі:

https://us02web.zoom.us/j/82673325238?pwd=ZnROZ3RrUlVITUg2ZFRyaEdTU0kxZz09

Конференция идентификаторы: 826 7332 5238     

Кіру коды: 560705

 


Диссертация

Аңдапта

Аннотация

Abstract

Ғылыми еңбектер тізімі

Ғылыми жетекші пікірі

Шетелдік кеңесші пікірі

Этикалық комиссияның қорытындысы

Диссертацияны плагиатқа тексеру туралы ҰМҒТСО анықтамасы

Жариялау күні: 20.11.2023


Сын-пікір 1

Сын-пікір 2

Бейресми пікір жазу

Бейресми пікір

Жариялау күні: 13.12.2023


Қорғаудың бейнежазбасы

Жариялау күні: 22.12.2023

Хабарландырулар тізімiне қайта оралу