Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жанынан құрылған 8D071 – Инженерлік және инжиниринг бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде 8D07101-6D070200 Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Қалиева Данияра Исатайұлы «Робот құрылғыларын қолдана отырып, өртті барлау жүйелерін оңтайландыру және басқару» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді. 

Диссертация Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі базасында орындалды.

Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: орыс.

Ғылыми кеңесшілер:

  • Швец Ольга Яковлевна – техникалық ғылымдар кандидаты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің қауымдастырылған профессоры, Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы;
  • György Györök – PhD, профессор, Обуда Университеті, Будапешт қ., Венгрия.

Ресми рецензенттер:

  • Титов Дмитрий Николаевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының доценті. Рецензенттің докторанттың зерттеу саласында 5-тен (бестен) астам ғылыми мақаласы бар. (05.11.13 - Қоршаған ортаны, заттар, материалдар және бұйымдарды бақылау әдістері мен оның құралдары). Хирш индексі – 5.
  • Шайханова Айгүл Қайрулақызы – PhD (6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының профессоры. Рецензенттің докторлық зерттеу саласында 5 (бес) астам ғылыми мақалалары бар. Хирш индексі – 5.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  • Оспанов Ербол Аманғазұлы – PhD 6D070200 – Автоматтандыру және басқару), Жасанды интеллект және құрылыс Жоғары мектебінің IT-технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Шәкәрім атындағы университет, Семей қ., Қазақстан. Хирш индексі – 9;
  • Исмаилова Айсулу Абжаппаровна – PhD (6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)), «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ "Ақпараттық жүйелер" кафедрасы профессорының м. а., Астана, Қазақстан). Хирш индексі – 5;
  • Колкер Алексей Борисович – техника ғылымдарының кандидаты, Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінің автоматика кафедрасының доценті, Новосибирск қ., Ресей. (05.13.01 – Жүйелік талдау, басқару және ақпаратты өңдеу (салалар бойынша). Хирш индексі – 4.

Қорғау 2024 жылдың 26 қазан күні сағат 12:00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 8D071 – Инженерлік және инжиниринг, 8D07101 - 6D070200 Автоматтандыру және басқару бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді. Мекен-жайы: Өскемен қ., Серікбаев к., 19, Г1-115 аудитория.

Сайт адресі: www.ektu.kz

ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/87489014069?pwd=96qCdFdU6aaDDMuyHFIaWSbyMq8Ke0.1

Конференция идентификаторы: 874 8901 4069

Қатынасу  коды: 209919


Диссертация

Аңдапта

Аннотация

Abstract

Ғылыми еңбектер тізімі

Ғылыми жетекші пікірі

Шетелдік кеңесші пікірі

Этикалық комиссияның қорытындысы

Жариялау күні: 25.09.2024

Хабарландырулар тізімiне қайта оралу