Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жанынан құрылған D090 – Физика: 8D05301– 6D072300 Техникалық физика бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде 6D072300 – «Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Кеңесбеков Айдар Бақытбекұлының «Тез кесетін болаттардың бетінде TiN негізінде тозуға төзімді жабындарды ауа-плазмалық тәсілімен әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертация Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің физика кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: орысша.
Ғылыми кеңесшілер:
- Уазырханова Гүлжаз Кенесханқызы – PhD, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің қауымдастырылған профессоры, Өскемен, Қазақстан Республикасы;
- Рахадилов Бауыржан Корабаевич – PhD, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
- Piotr Stanisław Kowalewski – PhD, Вроцлав ғылым және технологиялар университетінің «Машина конструкциялары және трибология негіздері» кафедрасының профессоры, Вроцлав қ., Польша.
Ресми рецензенттер:
- Мамаева Ақсауле Алиповна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне КЕАҚ қарасты «Металлургия және кен байыту институты» АҚ Металлургия зертханасының меңгерушісі , Алматы қаласы. Қазақстан Республикасы (мамандық шифрі: 01.04.07 – Конденсерленген күй физикасы);
- Тұрлыбекұлы Аманжол – PhD, Назарбаев Университетінің жаңа материалдар және энергия сақтау жүйелері зертханасының аға ғылыми қызметкері, Астана қ. Қазақстан Республикасы (мамандық шифрі: 6D072300 – Техникалық физика).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Жукешов Ануар Муратович - ф .м.-ғ.д., доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
- Зейниденов Асылбек Қалкенұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің физика-техникалық факультетінің деканы, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;
- Кенжегулов Айдар Караулович - PhD, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің жанындағы Металлургия және байыту институтының ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
- Гуляренко Александр Александрович – Ph.D, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Қорғау 2023 жылдың 19 шілде күні сағат 09:00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің D090 – Физика: 8D05301– 6D072300 Техникалық физика бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді. Мекен-жайы: Өскемен қ., Серікбаев к., 19, Г1-115 аудитория.
Сайт адресі: www.ektu.kz
ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі:
https://us02web.zoom.us/j/88547552450?pwd=UUc4WDdpdEYrSGltSGllNnFmYjBkUT09
Конференция идентификаторы: 885 4755 2450
Кіру коды: 006443
Этикалық комиссияның қорытындысы
Жариялау күні: 19.06.2023
Жариялау күні: 11.07.2023
Жариялау күні: 20.07.2023