Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетінде 6D070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Құсайын-Мұрат Әсел Түгелбайқызының «Күрделі геометриялық формалы объектілерді 3D сканерлеу үшін робот-манипулятор қозғалысын автоматты басқару жүйесін синтездеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өткізіледі.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: орыс.
Диссертация Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар және интеллектуалдық жүйелер мектебі базасында орындалды.
Ғылыми кеңесшілер:
- Алонцева Дарья Львовна – ф.-м.ғ.к. (РФ ф.-м.ғ.д.), Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
- Тамас Хайдеггер – философия докторы (PhD), Обуда университетінің қауымдастырылған профессоры, ғылыми-инновациялық орталығының директоры, Antal Bejczy интеллектуалды робототехника орталығының медициналық робототехника бойынша жетекші маманы, Будапешт қ., Венгрия.
Рецензенттер:
- Шинтемиров Алмас Максимович-философия докторы (PhD), т.ғ. к., "Робототехника және мехатроника" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің "Электротехника және компьютерлік инженерия" кафедрасы меңгерушісінің м. а., Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан (мамандығы 05.09.03 – электротехникалық кешендер мен жүйелер). Рецензенттің докторанттың зерттеу саласында 5 (бестен) астам ғылыми мақаласы бар.
- Қылышқанов Манарбек Қалымұлы – ф.-м.ғ.д., профессор, "Үлбі металлургия зауыты" АҚ ғылыми орталығының бастығы, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы (01.04.07-конденсирленген күй физикасы мамандығы) докторанттың зерттеу саласында 5 (бестен) астам ғылыми мақаласы бар.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Балбаев Гани Кудайбергенович - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, логистика және көлік академиясының Ғылым және ынтымақтастық жөніндегі проректоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы (Болашақ бағдарламасы шеңберінде "Mechanical Engineering" мамандығы). Хирша индексі - 4.
- Шайханова Айгуль Кайруллаевна - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Технологиялық факультетінің деканы, Қазақ технология және бизнес университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы (мамандық шифры: 6D070400 – "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"). Хирша индексі – 4.
- Алимсеитова Жулдыз Кенесхановна - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, логистика және көлік академиясының академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы (мамандық шифры: 6D070400 – "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"). Хирша индексі – 4.
- Кожахметова Динара Ошановна - философия докторы (PhD), КеАҚ «Семей қаласы Шәкәрім атындағы университетінің» "Автоматика және ақпараттық технологиялар" кафедрасының меңгерушісі, Семей қ., Қазақстан Республикасы (мамандық шифры: 6D070300 – "Тамақ өндірісінің технологиялық процестерін автоматтандыру"). Хирша индексі – 2. Scopus деректер базасында CiteScore бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда 3 (үш) жарияланымы бар.
- Ускенбаева Гульжан Амангазиевна - философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Жүйелік талдау және басқару" кафедрасының меңгерушісі, Нұр-сұлтан қ., Қазақстан Республикасы (мамандық шифры: 6D070200 – "Автоматтандыру және басқару"). Хирша индексі -1.
Қорғау 2022 жылдың 4 мамырда сағат 14:00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «6D070200 – Автоматтандыру және басқару» және «6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді. Мекен-жайы: 070004, Өскемен қ., Серікбаев көш., 19, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар және интеллектуалдық жүйелер мектебі, Г1-115 ауд.
Сайт адресі: www.ektu.kz. e-mail: [email protected]
Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/84549458415?pwd=cjBPbE1lZmZJSW9rbFB5V1JMTkRDUT09
Конференция идентификаторы: 845 4945 8415
Қатынасу коды: 626208
Этикалық комиссияның қорытындысы
Жариялау күні: 01.04.2022
Жариялау күні: 05.05.2022