Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 8D071- Инженерия және инженерлік іс даярлау бағыты 8D07102 – «Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Маратұлы Бауыржанның «Магнетрондық бүрку әдісімен қорғаныш металл жабындарды қаптаудың инновациялық технологиясын әзірлеу және оның параметрлерін негіздеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертация Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетінің Халықаралық инженерия мектебінің базасында орындалды.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: орыс.
Ғылыми кеңесшілер:
- Азаматов Багдат Нурланович – философия докторы (PhD), "SciMed"ЖШС бас директоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы.
- Муздыбаев Мурат Сеитович – техника ғылымдарының кандидаты, ҚКСОН доценты, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ Халықаралық инженерия мектебінің профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы.
- Кустарёв Геннадий Владимирович – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университеті (МАДИ), Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.
Ресми рецензенттер:
- Абсадыков Бахыт Нарикбаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының бас академиялық қызметкері, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексы – 15.
- Жаркевич Ольга Михайловна – техника ғылымдарының кандидаты, «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексы – 11.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Юрченко Василий Викторович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Машина жасау орталығы» басшысының м. а., «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексы – 5.
- Абишев Қайратолла Қайроллинович – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, инженерия факультетінің деканы, «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы. Хирш индексы – 7.
- Kot Marcin Adam - PhD, habil. Eng., машина жасау және робототехника факультеті деканның ынтымақтастық және жобалар бойынша орынбасары, AGH University of Krakov профессоры, Краков қ., Польша. Хирш индексы – 27.
Қорғау 2026 жылғы 28 тамызда сағат 10.00–де «Д. Серікбаев ат. ШҚТУ» КЕАҚ жанындағы 8D071 – «Инженерия және инженерлік іс»: 8D07102 – «Машина жасау» бағытындағы диссертациялық кеңесте өтеді, мекенжайы: 070004, Өскемен қ., Серікбаев к-сі, 19, Г-1-115 аудитория.
Сайт адресі: www.ektu.kz
ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі:
Конференция идентификаторы:
Кіру коды:
Этикалық комиссияның қорытындысы
Жариялау күні: 22.07.2026
Хабарландырулар тізімiне қайта оралу
Соңғы өзгерістер күні:22.07.2026