Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетінің 8D071 – «Инженерлік және инжиниринг», 8D07101 – 6D070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Смақанов Бауыржан Серікқанұлы «Қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған зияткерлік бейнебақылау жүйесі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.

Диссертация Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетінің Сандық технологиялар және жасанды интеллект мектебі базасында орындалды.

Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: орыс.

Ғылыми кеңесшілер:

  • Швец Ольга Яковлевна – т.ғ.к., цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің қауымдастырылған профессоры, Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы.
  • Dr. Levente Kovacs, профессор, Obuda University ректоры, Будапешт, Венгрия.

Ресми рецензенттер:

  • Оспанов Ербол Амангазович – PhD, КЕАҚ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті», «Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), Семей қ. Қазақстан Республикасы. (мамандық шифры: 6D070200 - «Автоматтандыру және басқару»). Докторанттың зерттеу саласы бойынша рецензенттің 5-тен (бестен) астам ғылыми мақаласы бар. Хирш индексі – 9.
  • Аканова Акерке Сапаровна – PhD, КеАҚ «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» «Есептеу техникасы» кафедрасының, қауымдастырылған профессоры (доценті), Астана қ., Қазақстан Республикасы. (мамандық шифры: 6D075100 – Информатика, Есептеу техникасы және басқару). Докторанттың зерттеу саласы бойынша рецензенттің 5-тен (бестен) астам ғылыми мақаласы бар. Хирш индексі – 4.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  • Титов Дмитрий Николаевич – т.ғ.к., «Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі Ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының доценті, Новосибирск қ., Ресей Федерациясы. (мамандық шифры: 05.11.13 – «Табиғи ортаны, заттарды, материалдар мен бұйымдарды бақылау құралдары мен әдістері»). Хирш индексі – 5.
  • Кожахметова Динара Ошановна – PhD, КЕАҚ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті», «Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы» кафедрасының меңгерушісі, Семей қ. Қазақстан Республикасы. (мамандық шифры: 6D070300 – «Тамақ өндірісінің технологиялық процестерін автоматтандыру»). Хирш индексі – 3.
  • Ахметова Жанар Жумановна – PhD), Л. Гумилева атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Ақпараттық технологиялар факультетінің «Информатика және ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), Астана қ. Қазақстан Республикасы.  (мамандық шифры: 6D070300 – «Ақпараттық жүйелер»). Хирш индексі – 3.

Қорғау 2024 жылдың 26 қазан күні сағат 10:30-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «8D071 – Инженерлік және инжиниринг», 8D07101-6D070200 «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді. Мекен-жайы: Өскемен қ., Д.Серікбаев көшесі, 19, Г1-115 аудитория.

Сайт адресі: www.ektu.kz

ZOOM бейнеконференциясына қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/87489014069?pwd=96qCdFdU6aaDDMuyHFIaWSbyMq8Ke0.1

Конференция идентификаторы: 874 8901 4069

Қатынасу  коды: 209919


Диссертация

Аңдапта

Аннотация

Abstract

Ғылыми еңбектер тізімі

Ғылыми жетекші пікірі

Шетелдік кеңесші пікірі

Этикалық комиссияның қорытындысы

Жариялау күні: 25.09.2024

Хабарландырулар тізімiне қайта оралу