Т.Ғ.Жантасовты еске алуға арналған 2012 жылғы «Жас математик» облыстық олимпиадасы

Дата проведения олипиады: 13 наурыз - 11 сәуір 2012

Об Олимпиаде

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы бірлесіп «математика» пәні бойынша ауыл мектебін бітірушілер арасында математик, қазақ тілінде оқыту факультетінің тұңғыш деканы Т.Ғ.Жантасовты еске алуға арналған «Жас математик» олимпиадасын өткізеді. Олимпиадаға ШҚО ауыл мектептерінің 11 сынып оқушылары қатыса алады.

 

i1

Т.Ғ.Жантасовты еске алуға арналған 2012 жылғы «Жас математик» облыстық олимпиадасы жайында ақпарат (*.pdf, 208 КБ)

 

Бастамашыл топ жетекшісі: Мұхамедиев Ғ.Х., ШҚМТУ «Ақпараттық технологиялар және энергетика» факультетінің деканы, физ.- мат. ғылымдары кандидаты

Бастамашыл топ мүшелері: Ақтанов С.Қ., «Қазақавтожол» РМК ШҚО филиалы директорыӨзденбаев Ж.Ш., ШҚМТУ Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы, техника ғылымдары кандидаты

Олимпиаданы қолдау, демеуге тілекшілер Ж.Ш.Өзденбаевпен [email protected] адресі бойынша хабарласуына болады.

Регламент

Олимпиада екі турдан тұрады.

Біріншісі – қашықтықтан өтеді. Қатысушыларға электронды пошта арқылы 13 наурызда тапсырмалар жіберіліп, оларды орындауға 25 наурызға дейін уақыт беріледі. Тапсырмалар 28 наурызға дейін тексеріледі. Екінші турға конкурс комиссиясының шешімімен бірінші турда жеткілікті балл жинағандар өтеді. Оларға электронды пошта арқылы екінші - көзбе-көз турға шақыру жіберіледі.

Екіншісі - көзбе-көз тур, 11 сәуірде Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да  өтеді.  

Орындалған жұмыстарды ШҚМТУ оқытушылары тексереді. Бірінші тур нәтижелері ШҚМТУ сайтының «Талапкер» бөліміне (), ШҚМТУ оқу-білім беру порталының «Оқушыға» бөліміне (http://www.do.ektu.kz), ШҚ ӨҒПО «Дарын» орталығының сайтына (http//www.shygysdaryny.kz) шығарылады.

ШҚМТУ сайттарында олимпиада жайлы басқа да материалдар жарияланып тұрады.

Олимпиадаға қатысу тегін. Тамақтану, тұрғын-жай, университетке келіп қайтқан жол-көлік шығындары қатысушылардың өз есебінен төленеді.

Бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен және  ақшалай сыйлықтармен марапатталады. 

Барлық көзбе-көз турға қатысқандар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының, ШҚ ӨҒПО «Дарын» орталығы директорының алғыс хаттарын және ШҚМТУ ректорының сыйлықтарын алады және де ШҚМТУ-да оқыған кезеңінде тегін Интернет беріледі.

Итоги олимпиады

Олимпиадаға қатысуға өтінімдер 11 наурызға дейін [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.

Өтінім формасы:

Т.Ғ. Жантасовты еске алуға арналған «Жас математик» олимпиадасына қатысуға

Өтінім

Мектеп  № _________________________________________________________________      

Аудан ______________________________________________________________________

Электрондық адрес: __________________________________________________________

Үйлестіруші: ________________________________________________________________

Оқушылардың толық аты-жөні

Мұғалімнің толық аты-жөні

Қолданатын тілі

 

 

 

Мектеп директоры:                                                                             Аты-жөні