Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру
Жоба жетекшісі - Денисова Оксана Касымовна, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Идентификаторлар: Индекс Хирша – 2, https://orcid.org/0000-0003-0413-0542, Scopus Author ID: 57208010188.
Жобаның зерттеу тобы
№ | ТАӘ | Жоба бойынша лауазымы | Идентификаторлар (Scopus Author ID, Researcher ID, егер бар болса ORCID) және тиісті профильдерге сілтемелер |
---|---|---|---|
1 | Конурбаева Жадыра Тусупкановна | Аға ғылыми қызметкер | Индекс Хирша Scopus - 3. https://orcid.org/0000-0002-6457-392X, Scopus Author ID: 56896041200 |
2 | Рахметуллина Сауле Жадыгеровна | Ғылыми қызметкер | Индекс Хирша Scopus - 4. Web of Sience – 1. https://orcid.org/0000-0002-3142-0249, Scopus ID 56658733600, Researcher ID Web of Science: DXI-8951-2022 |
3 | Машекенова Асия Хасеновна | Ғылыми қызметкер | Индекс Хирша Scopus - 1. https://orcid.org/0000-0003-3556-3033, Scopus Author ID: 57209837078 |
4 | Мухамеджанова Динара Рамазовна | Ғылыми қызметкер | Индекс Хирша Scopus -1. https://orcid.org/0000-0002-1177-4840, Scopus ID: 57213155767 |
5 | Ерзатова Мөлдір Ерзатқызы | Кіші ғылыми қызметкер |
Жобаның аңдатпасы
Бүгінгі таңда Қазақстанда индустриялық-инновациялық экономиканың негізгі міндеттерінің бірі елімізді әлемнің жетекші экономикаларымен бір қатарға қалыптастыру мақсатында жоғары технологиялық өндірісті дамыту болып табылады. Әрине, бұған білікті кадрларды даярлау мәселелеріне мұқият назар аудармай ақшалай құю және техникалық қайта жарақтандыру арқылы ғана қол жеткізу мүмкін емес.
Бұл жоба Қазақстанның индустриялық-инновациялық экономикасын дамыту шеңберінде, еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттері бар бәсекеге қабілетті түлектерді даярлауға негізделген инженерлік кадрларды озыңқы даярлау моделін қалыптастырудың стратегиялық тәсілдерін әзірлеуді көздейді.
Жобаның мақсаты. Жеке тұлғаның кәсіби біліктілігінің әлемдік деңгейін, қоғамның технологиялық сезімталдығының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының экономикалық, техникалық және технологиялық қауіпсіздігіне кепілдік беретін озыңқы инженерлік білім берудің ұлттық моделін құру.
Жобаның күтілетін және қол жеткізілген нәтижелері:
Жыл |
Зерттеу бойынша алынған нәтижелері. Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат. |
---|---|
2022 жыл |
1. Заманауи инженерлік білім берудің тұжырымдамалары қазіргі заманғы инженердің құзыреттер кешенін қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын қажетті тұтастықты қамтамасыз ету үшін жүйеленген. 2. Мақаланы БССҚК ұсынған отандық басылымда жариялау. Денисова О.К., Конурбаева Ж.Т. Қазақстан Республикасында инженерлік кадрларды даярлауды талдау //"Тұран" университетінің хабаршысы. – №3(95). – 2022 ж. - 260-271 ББ. |
2023 жыл |
1. Кәсіпорындардың Төртінші өнеркәсіптік революцияға көшуін бағалау үшін Қазақстан Республикасында инженерлік кадрлардың өңірлік даярлығына талдау жасалды. 2. Тұтастай алғанда ұлттық экономиканың қазіргі жай-күйін және онда болып жатқан құрылымдық өзгерістерді жан-жақты талдау негізінде Қазақстанның инженерлік кадрларын даярлауды дамытуды регламенттейтін стратегиялық құжат жасалды. 3. БССҚК ұсынған отандық басылымда мақаланы жариялау. |
2024 жыл |
1. Қазақстанда техникалық білім беруді мемлекеттік қолдау және реттеу механизмдері жетілдірілді. 2. Экономиканың негізгі салаларын технологиялық жаңғыртуды талдау негізінде құрылған озыңқы инженерлік білім берудің ұлттық моделі ұсынылды. Модель көп өлшемді және құрылымдық-функционалды, құрылымдық компоненттерді қамтиды (мақсатты, әдістемелік, процедуралық, рефлексиялық және бағалау). 3. Халықаралық ғылыми конференция материалдарының жинағында екі тезисті жариялау. 4. БССҚК ұсынған отандық басылымда мақаланы жариялау. 5. Web of Science базасының Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Russian Science Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында кемінде 35 (отыз бес) CiteScore бойынша процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда бір мақаланы жариялау. 6. Ұжымдық монография шығару. |