Бағдарлама іске асырылатын байқау атауы: 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына гранттық қаржыландыру байқауы

Жоба жетекшісі: Шошай Жансерик, постдоктор, «Smart engineering» құзырет орталығының кіші ғылыми қызметкері

Идентификаторлар:

  • Scopus базасындағы Хирш индексі – 2
  • ORCID: 0000-0003-1861-0539
  • Scopus Author ID: 57267950300

Жоба зерттеу тобы


Аты-жөні

Жоба бойынша қызметі

Идентификаторлар (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID) және тиісті профильдерге сілтемелер

1

Шошай Жансерик

Ғылыми жетекші

Scopus базасындағы Хирш индексі – 2
ORCID: 0000-0003-1861-0539
Scopus Author ID: 57267950300

2

Саденова Маржан Ануарбекқызы

Ғылыми кеңесші

Хирш индексі 6
Researcher ID: E-6895-2017
ORCID: 0000-0002-2870-6668
Scopus Author ID: 6506023050

Жобаның аннотациясы

Әлем бойынша табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері, техногендік қалдықтарды өндірістік айналымға тарту арқылы өзекті болып отыр. Бұл шикізатты өңдеуге арналған энергия шығынын және экологиялық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында техногендік қалдықтардың үлкен көлемі жиналып, алтынның техногендік кен орындарының едәуір қоры бар – байыту қалдықтары және т.б., олар экологияға айтарлықтай жүктеме түсіреді. Бұл қалдықтар алтынды минералды шикізаттан алу технологиялары жетілмеген кезеңде түзілген. Техногендік кен орындарын қайта өңдеу алтын өндірудің шикізат базасын айтарлықтай кеңейтуге және техногендік қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай кен орындарын әзірлеудің бірнеше артықшылықтары бар, өйткені шикізат бетіне шығарылып, ұсақталған. Әдетте, қалдықтардағы алтын сульфидтерде жұқа ұсақталған түрде болады, бұл цианидпен өңдеуге қиындық туғызады.

Жобаның мақсаты - Майқайың алтын өндіру фабрикасының №1 байыту қалдықтарын мысал ретінде қолданып, техногендік шикізатты өңдеудің жаңа әдістерін әзірлеу.

Жобаның міндеттері:

  1. Майқайың алтын өндіру фабрикасының №1 техногендік шикізатынан және флотациялық концентратынан асыл металдарды және басқа да пайдалы компоненттерді гидрометаллургиялық өңдеуден алу процесінің энергия шығынын азайтуға микротолқынды сәулеленудің қуаты мен жиілігінің әсерін зерттеу.
  2. Микротолқынды сәулеленудің қуаты мен жиілігінің реагенттің шығынын азайтуға әсерін зерттеу.
  3. Майқайың алтын өндіру фабрикасының №1 техногендік шикізатынан және флотациялық концентратынан алынатын өнімді алдын ала өңдеу процесінің кинетикасы мен термодинамикасына микротолқынды сәулеленудің қуаты мен жиілігінің әсерін зерттеу.
  4. Малышев В.П. ықтималдық-детерминациялық әдісін қолданып, эксперименттерді жоспарлау. Бұл жоспарлау әдісін қолдану эксперименттердің санын азайту арқылы уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
  5. Майқайың алтын өндіру фабрикасының №1 техногендік шикізатынан 200 кг көлемінде үлкейтілген зертханалық сынақ жүргізу.