Конкурс атауы: 2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс.

Жоба жетекшісінің: Шәймардан Нұржан, PhD докторы

 

Идентификаторлар:

Жобаның зерттеу тобы

ТАӘ Жоба бойынша лауазымы Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері
1.

Шәймардан Нұржан

Жоба жетекшісі

Scopus Author ID: 56997530600, https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56997530600.

2.

Рамазанова Райгуль Амангельдиновна

Консультант

Scopus Author ID: 57189047754,
https://orcid.org/0000-0001-6930-991X,
https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57189047754.

Жобаның аңдатпасы

Жобаның мақсаты - Жобаның мақсаты түсті металдардың тотыққан кендерін өңдеудің тиімді кешенді технологиясын әзірлеу және физика-химиялық негіздеу болып табылады.

Өзектілігі. Жеңіл байытылатын сульфидті кендер қорларының сарқылуы және байытылуы қиын тотыққан және аралас шикізат үлесінің өсуі жағдайында кендердегі металдар құрамының төмендеуі және байыту өндірістері көрсеткіштерінің нашарлауы байқалады. Тотыққан кендерді өңдеудегі дәстүрлі пирометаллургиялық әдістер тиімсіз және экологиялық қауіпті, бұл жаңа гидрометаллургиялық технологияларды әзірлеуді қажет етеді. Түсті металдардың тотыққан кендерін ерітінділеудің термодинамикасы мен кинетикасын зерттеу, сондай-ақ оларды қайта өңдеу процестерін оңтайландыру үнемді және экологиялық қауіпсіз өндірісті құру үшін маңызды міндеттер болып табылады.

Зерттеу әдістері: Жобада рентгенқұрылымдық, иммерсиялық, термогравиметриялық, растрлық электронды микроскопия, спектрлік, химиялық, елеуіш және басқаларын талдаудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, қорғасын-мырыш тотыққан кенінің минералогиялық, химиялық және гранулометриялық құрамдарын айқындау мақсатында физика-химиялық зерттеулер жүргізу көзделеді. Сондай-ақ реакциялардың параметрлерін анықтау және технологиялық режимдерді оңтайландыру мақсатында қорғасын мен мырыштың негізгі минералдарына термодинамикалық зерттеулер, сондай-ақ күкірт қышқылын шаймалау процесіне кинетикалық зерттеулер жүргізу жоспарлануда. Алынған деректерді өңдеу заманауи бағдарламалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады.

Жобаның күтілетін нәтижелері және алынған нәтижелері:

Жыл

Зерттеу бойынша алынған нәтижелері.
Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат

2025 жыл

Жоба тақырыбы бойынша әдебиеттер мен патенттерге жан-жақты талдау жүргізілді, сондай-ақ бар зерттеулер мен әзірлемелерге егжей-тегжейлі шолу жасалды. Алынған мәліметтер негізінде одан әрі эксперименттік жұмыстар үшін теориялық база құрылды. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін нәтижелердің қайталануы мен дұрыстығын қамтамасыз ететін қажетті материалдар мен реагенттер дайындалды. Сонымен қатар, эксперименттер жүргізудің дәйектілігі мен әдістерін қамтитын жобаның жұмыс жоспары нақтыланды, бұл зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2025 жылғы №2 ШҚТУ хабаршысына мақала жариялауға қабылданды.
2026 жыл

 

2027 жыл

 

Инфографика

Соңғы өзгерістер күні:
17.09.2025