Конкурсатауы: 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсы.

Жоба жетекшісінің: Водясов Евгений Вячеславович, тарих ғылымдарының кандидаты, «Алтын Алтай» музейінің аға ғылыми қызметкері.

Идентификаторлар:

Жобаның зерттеу тобы

ТАӘ Жоба бойынша лауазымы Идентификаторлар (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері
 1 Водясов Евгений Вячеславович Жоба жетекшісі

Scopus Author ID: 56437756300
ORCID: 0000-0003-2277-2274
Researcher ID: L-9546-2016

Зайцева Ольга Викторовна Бас ғылыми қызметкер

Scopus Author ID: 56437738500
ORCID: 0000-0002-4590-1238
Researcher ID: N-8286-2014

Мизерная Марина Александровна Бас ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 57194414559
ORCID ID: 0000-0001-8618-7352
Вавулин Михаил Викторович Ғылыми қызметкер

Scopus Author ID: 57190338453
ORCID: 0000-0003-0926-2288
Researcher ID: M-3932-2016

Садибеков Айдар Бекадилович Кіші ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 57220780498
Шаяхметова Жулдыз Алихановна Кіші ғылыми қызметкер  

Жобаның аңдатпасы:

Жоба Шығыс Қазақстандағы қалайы өндіру орталығын жан-жақты пәнаралық тұрғыдан зерттеуге және оның көне еуразиялық металлургия тарихындағы рөлін анықтауға бағытталған. Жоба барысында Шығыс Қазақстандағы касситерит кен орындарына кең ауқымды геоархеологиялық барлау жүргізіліп, көне тау-кен ісі ескерткіштерін іздестіру және зерттеу көзделеді. Алғаш рет өңірдің қалайы кеніштеріне қатысты барлық белгілі археологиялық және радиокөміртектік деректер жүйеленеді. Бұған қоса, ең көне қалайы штольняларына археологиялық қазба жұмыстары жоспарланған. Аэрофотограмметрия мен LiDAR технологиясына негізделген тау-кен нысандарын үш өлшемді сканерлеу алғаш рет өндірілген көлемдерді қайта құрастыруға және шығысқазақстандық кеніштердің кең еуразиялық контекстегі маңызын бағалауға мүмкіндік береді.

Жоба аясында Шығыс Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерден алынған көне металл бұйымдарына, шлактар мен рудаларға кешенді геохимиялық зерттеулер (XRF, SEM-EDS, ICP-MS) жүргізу жоспарланып отыр. Геохимиялық зерттеулер қола құю технологияларының қалыптасуы мен даму жолын қайта құрастырудың негізіне айналады.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан бойынша изотоптық деректердің алынуы ғылым қауымдастығын қалайы жеткізілімдерінің географиясы мен Көне дүниенің жаһандануы дәрежесіне қатысты көптен бері талқыланып келе жатқан мәселені шешуге жақындата түседі.

Жобаның мақсаты:

Шығыс Қазақстан қалайы өндіруінің ауқымы мен ерекшеліктерін реконструкциялау және оның қола дәуіріндегі еуразиялық металлургия жүйесіндегі рөлін айқындау

Жобаның күтілетін нәтижелері және алынған нәтижелері:

Жылы Зерттеу бойынша алынған нәтижелері.
Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат
2025 Ұзындығы 500 км-ден асатын зерттеліп отырған Қалба–Нарым кен белдеуі аясындағы барлық қалайы кен орындары геологиялық әдебиеттерді талдау негізінде карталанған. Бұған қоса, QGIS бағдарламалық қамтымында өңірдегі көне тау-кен ісінің барлық белгілі ескерткіштері карталанды. Қашықтан зондтау деректерін талдау нәтижесінде жаңа тау-кен ісі ескерткіштерін іздеу аймақтары айқындалды.
2026  
2027  
Соңғы өзгерістер күні:
11.11.2025