Конкурс атауы: 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс.

Жоба жетекшісіні: Смаилова Сауле Сансызбаевна, PhD, қауымдастырылған профессор.

Идентификаторлар:

Жобаның зерттеу тобы

Т. А. Ә. Жоба бойынша лауазымы ResearcherID, ORCID, Scopus Author ID идентификаторы (болғандағы)
1 Рахметуллина Сауле Жадыгеровна Жетекші ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 56658733600
https://orcid.org/0000-0002-3142-0249
2 Конурбаева Жадыра Тусупкановна Жетекші ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 56896041200, https://orcid.org/0000-0002-6457-392X
3 Машекенова Асия Хасеновна Аға ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 57209837078
4 Мендикулова Гульнара Малбагаровна Аға ғылыми қызметкер Web of Science Researcher ID O-3343-2014
ORCID http://orcid.org/0000-0002-0922-0478
Scopus Author ID 57189934123
5 Денисова Оксана Касымовна Аға ғылыми қызметкер ORCID https://orcid.org/0000-0003-0413-0542, Scopus Author ID: 57208010188
6 Козлова Марина Васильевна Аға ғылыми қызметкер https://orcid.org/0000-0002-3381-4997,
Scopus Author ID: 56658397100
7 Закимова Альфия Манарбековна Аға ғылыми қызметкер https://orcid.org/0000-0003-0413-0542 
Scopus Author ID: 57208010188
8 Сурова Дарья Сергеевна Аға ғылыми қызметкер https://orcid.org/
0000-0003-1847-8697
9 Рахимбердинова Мадина Умиргалиевна Аға ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 56127317000
https://orcid.org/0000-0001-9009-8686
10 Блинаева Елена Васильевна Аға ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 56770018900
https://orcid.org/0000-0001-7251-3292
11 Тлебалдинова Айжан Солтангалиевна Аға ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 56825933500
https://orcid.org/0000-0003-1271-0352
12 Амралинова Бакытжан Базарбековна Аға ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 57194348109
https://orcid.org/0000-0003-0716-5265
13 Турегельдинова Алия Жумабековна Аға ғылыми қызметкер Web of Science Researcher ID
AEV-5814-2022, 
ORCID 0000-0003-1042-1530,
Scopus Author ID 55683375700
14 Зыкова Наталья Михайловна Аға ғылыми қызметкер ORCID 0000-0003-4893-7057
https://www.webofscience.com/wos/author/record/ACX-7697-2022
https://www.scopus.com/search/form.uri?display=basic#basic
15 Самусенко Елена Александровна Ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 57219612149, https://orcid.org/0000-0002-1384-2632
16 Юсубалиева Мадина Файзулиновна Ғылыми қызметкер https://orcid.org/0000-0002-9461-9802
17 Бухатанова Зухра Бердыбековна Кіші ғылыми қызметкер  
18 Федькин Евгений Михайлович Инженер Scopus Author ID = 57383273200
Жас ғалымдар (40 жасқа дейін + оқытушылар (студенттер, магистранттар))

ТАӘ

Жоба бойынша лауазымы

ResearcherID, ORCID, Scopus Author ID идентификаторы (болғандағы)

Ескерту (ПОҚ, студент, магистрант, докторант)

1 Кумаргажанова Сауле Кумаргажановна Аға ғылыми қызметкер Scopus: h=5,
Author ID = 56826204500
Web of Science: h=3
ResearcherID =P-1875-2017 https://orcid.org/0000-0002-6744-4023

Оқытушылық-профессорлық құрам

2 Суйеубаева Салтанат Нурболсыновна Аға ғылыми қызметкер https://orcid.org/0000-0002-0290-6290, Scopus Author ID: 57160209000

Оқытушылық-профессорлық құрам

3 Байгереев Самат Ракимгалиевич Аға ғылыми қызметкер https://orcid.org/0000-0002-7773-5457, Scopus Author ID: 57208088625

Оқытушылық-профессорлық құрам

4 Сизов Михаил Владимирович Ғылыми қызметкер

ORCID ID: 0000-0002-3223-9310
Researcher ID: HCI-4478-2022

Оқытушылық-профессорлық құрам

5 Рақышева Мадина Аділханқызы Ғылыми қызметкер

 

Оқытушылық-профессорлық құрам

6 Саркамбаева Шынара Галимжановна Аға ғылыми қызметкер

ORCID 0000-0001-8509-3688, Scopus Author ID 55682792800

Оқытушылық-профессорлық құрам

7 Жинақ Қымбат Омарбайқызы Ғылыми қызметкер

 

Оқытушылық-профессорлық құрам

 

Жобаның аңдатпасы:

Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін өңірлік дамудың теңгерімділігін анықтау, өңірлер мен ел экономикасының тұрақтылық деңгейін бағалау, индустрияны дамыту перспективаларын ескере отырып, инженерлік кадрларға «бүгін және ертең»  қажеттіліктерді бағалау мақсатында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу қажет, зияткерлік ресурсты қайта өндіру жүйесін ескере отырып, өңірлік университеттердің ынтымақтастығы аясында ұзақ мерзімді перспективада еңбек нарығының «өңірлік құзыреттер картасын» әзірлеу қажет, өңірлік даму қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тірек университеттер белсенділігінің бағытына ықпал етуге мүмкіндік беру мақсатында білім мен ғылым жүйесін заңнамалық және қаржылық қолдау тетіктерін айқындау қажет.

Инженерлік білім берудің ағымдағы жай-күйін талдау, инженерлік білім берудің беделді ұйымдарының қолданыстағы стандарттары мен озық тәжірибелеріне шолу жасау негізінде жаһандық және технологиялық үрдістерді ескеретін инженерлік білім берудің пилоттық стандарттары әзірленеді; таңдалған ЖЖОКБҰ-да стандарттарды пилоттық тестілеу, инженерлік білім беру стандарттарын таныстыру және жариялау жүргізіледі.

Жобаны іске асыру барысында ҚР өңірлерінің қажеттіліктерін ескере отырып, технологияларды тартымдылық және оларды іске асыру жөніндегі күш-жігер тұрғысынан бағалау бойынша сапалы және сандық зерттеулер жүргізу, инженерлік білім беру саласындағы жаңа және трансформацияланатын кәсіптердің атласын алмастыру, интеграциялау немесе толықтыру бойынша нақты шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Жоба кезеңдерінің бірі үздіксіз білім беру контекстінде инженерлік және инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың Ұлттық стратегиясының нысаналы көрсеткіштері мен күтілетін нәтижелерін айқындау, инженерлер мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлер үшін кәсіптік қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу.

Жұмыстың маңызды практикалық кезеңі - тиісті критерийлер мен рәсімдерге сәйкес инженерлік біліктілікті сертификаттау орталығын құру болып табылады. Ол үшін инженерлік білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін әмбебап кәсіптік және арнайы құзыреттердің тізбесін қалыптастыру.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде инженерлік білім берудің Ұлттық моделін құру және енгізу үшін ресурстық қамтамасыз ету мен операциялық қолдау үшін цифрлық платформа құрылады деп күтілуде.

Мақсаты:

Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру контекстінде инженерлік білім берудің ұлттық моделін құру.

Жобаның күтілетін нәтижелері және алынған нәтижелері:

Год Зерттеу бойынша алынған нәтижелері.
Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат

2023 жыл

Аумақтық дамудың теңгерімділігін анықтау мақсатында Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалды. Қазіргі заманғы инженердің құзыреттер кешенін қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын қажетті тұтастықты қамтамасыз ету үшін заманауи инженерлік білім берудің тұжырымдамалары жүйеленген. Инженерлік білім берудің беделді ұйымдарының қолданыстағы стандарттары мен озық тәжірибелеріне шолу жасалды. Инженерлік бейіндегі оқытушыларды даярлау үшін шетелдік және отандық тәжірибе жинақталды. Инженерлік білім берудің ұлттық моделінің цифрлық платформасының архитектурасы жобаланған.

ҚР ҒЖБССҚК ұсынылған отандық журналда 1 мақала жарияланды. Ye.M. Fedkin, S.S. Smailova, S.K. Kumargazhanova, Zh.T. Konurbayeva, M.F. Yussubaliyeva. Digital platform architecture for engineering education model // BULLETIN D. Serikbayev of EKTU. – 2023. – №4.- P. 393-399. DOI 10.51885/ 1561-4212_2023_4_393.

2024 жыл

Қазақстан Республикасында және Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) экономика, өнеркәсіп және оның қосалқы салаларындағы құрылымдық өзгерістерге баға берілді. Аймақтың еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, алдағы жылдарға арналған кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру стратегиясы әзірленді. Инженерлік білім берудің пилоттық стандарттары жасалды. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында жаңа білім беру технологияларының пилоттық жобасы әзірленді. Инженерлік кадрларды сертификаттау критерийлерін бағалаудың бейімделген жүйесі жасалды. Кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламасы құрылды. Шетелдік және қазақстандық стандарттарға негізделген инженерлік білім беруді аккредитациялау тұжырымдамасы әзірленді. Ұлттық инженерлік білім беру моделі үшін цифрлық платформаның тестілеуі жүргізілді.

SCOPUS базасына енгізілген (процентиль – 78) рецензияланған журналда бір мақала жарияланды:
1. Aliya Turegeldinova, Bakytzhan Amralinova, Máté Miklós Fodor, Rakhmetullina Saule, Konurbayeva Zhadyra and Kiizbayeva Zhadyra. «STEM and the Creative and Cultural Industries: the 4 'I's keeping engineers from the CCIs» в журнале  “Frontiers in communication” Journal, Q1, H-index 25. Volume 9 - 2024 https://doi.org/10.3389/fcomm.2024.1507039.

Қазақстан Республикасы БҒМ Ұлттық ғылыми кеңесі ұсынған отандық журналдарда алты мақала:
1. Kiizbayeva Zh., Turegeldinova A., Amralinova B., Nurgaliyeva Zh. Emotional well-being as a key success factor for sustainable development of education. Вестник КазУЭФМТ, №2(55), 2024, с. 268-273. DOI 10.52260/2304-7216.2024.2(55).34.
2. Smailova S., Voronenko M. , Lytvynenko V. ., Kumargazhanova S., Blinaeva E., Tlebaldinova A. Application of bayesian networks to determine the impact of higher education on economic development. Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева, №3, 2024, с. 188-199. DOI: 10.51885/1561-4212_2024_3_188.
3. Денисова О.К., Конурбаева Ж.Т, Козлова М.В, Суйеубаева С.Н., Самусенко Е.А. Роль высшего образования в преодолении территориальных неравенств и обеспечении социально-экономической устойчивости регионов Казахстана. Вестник Торайгыров университета, №3, 2024, с. 105-119. DOI: 10.48081/KOMV9980.
4. Rakhmetullina S., Konurbayeva Zh., Surova D., Sizov M. Third mission of the university: vision, structure, experience. Высшая школа Казахстана, №4(48), 2024, с. 67-80. DOI:10.59787/2413-5488-2024-48-4-67-80.
5. Саркамбаева Ш.Г., Зыкова Н.М., Турегельдинова А.Ж., Тансыкбаева Г.О. Актуальность казахстанского инженерного образования и его интеграция в мировое образовательное пространство. Вестник КазУЭФМТ. №3 (56), 2024, с. 249-257. DOI 10.52260/2304-7216.2024.3(56).27.
6. Voronenko M., Lytvynenko V., Smailova S., Kumargazhanova S. Development of bayesian network`s dynamic models: моногр.- Усть-Каменогорск: ВКТУ, 2024. – 126 с. ISBN 978-601-208-858-8.

2025 жыл

Өңірлік даму қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өңірлерге тірек университеттер белсенділігінің бағытына ықпал етуге мүмкіндік беру мақсатында білім және ғылым жүйесін заңнамалық және қаржылық қолдау тетіктері айқындалды. Инженерлік білім беру стандарттарының тұсаукесері және жариялануы өткізілді. Пилоттық тестілеу барысында алынған пікірлер негізінде инженерлік білім беру стандарттары пысықталды. Стандарттар мониторингін жүзеге асыру әдістемесі әзірленді. Инженерлік кадрлар мен инженерлік бағыттардың оқытушылары үшін біліктілікті арттыру, даярлау және қайта даярлау орталығының тұжырымдамасы әзірленді, ол инженерлік бейіндегі оқытушылар қолданатын жаңа білім беру технологияларын да, цифрлық инновацияларды да тиімді бағалауға мүмкіндік береді. Білім алушының дайындық деңгейін, кәсіби мүдделері мен мансаптық мақсаттарын ескеретін дербестендірілген оқытуға негізделген инженерлік педагогика тұрғысынан білім алушылардың жеке траекторияларын қалыптастыруға тәсіл әзірленді. Арнайы студенттік зертхана – EKTU CDIO Fab Lab құрылды, оның негізгі мақсаты инженерлік кадрларды сәтті сертификаттау критерийлеріне сәйкес келетін құзыреттерді дамыту болып табылады. «Қазақстан инженерлері» Альянсы Жарғысының жобасы әзірленді. Қазақстан өңірлерінің озық қажеттіліктерін ескере отырып инженерлік білім берудегі жаңа және трансформацияланатын кәсіптер Атласын жаңарту әдістемесі әзірленді және негізделді. Үздіксіз білім беру контекстінде инженерлік және инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың ұлттық стратегиясының құрылымы мен негізгі ережелері анықталды. Аймақтық даму мен жоғары білім көрсеткіштерінің тәуелділігін анықтау үшін Кобб-Дуглас негізіндегі моделі қолданылды. ТжКБ және ЖООКБҰ үшін Қазақстан Республикасының инженерлік білім берудің өтпелі стандартының тетігі әзірленді. Оқытушылардың инновациялық кәсіби-педагогикалық қызметке дайындығын бағалау құралдарын сынақтан өткізу және жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда. Инженерлік бейіндегі оқытушыларды даярлау және қайта даярлау бойынша әзірленген шараларды пилоттық енгізу үшін іске асыру тетігі, жаңа білім беру технологиялары бар курстардың тиімділігін бағалау критерийлері айқындалды. Цифрлық платформаның дерекқорын толтыру, пайдаланушыларды жүйеге қосу, өнеркәсіптік пайдалану кезеңіндегі қателерді анықтау және оларды түзету жүргізілді. Ұлттық стандарттарды ABET талаптарына бейімдеу алгоритмі және Қазақстанды Вашингтон, Сидней және Дублин аккордтарына енгізу механизмі әзірленді. Кәсіби сертификаттау орталығы туралы Ереже әзірленді. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Лу Бань шеберханасының базасында инженерлік біліктілікті сертификаттау орталығын құру бойынша пилоттық жобаға жұмыстар жүргізілді.

SCOPUS базасына кіретін рецензияланатын журналда екі мақала жарияланды:
1. Assel Sadenova, Oxana Denissova, Marina Kozlova, Saule Rakhimova, Arkadiusz Gola, Saltanat Suiebayeva «Structural equation modeling (SEM) in Jamovi: An example of analyzing the impact of factors on enterprise innovation activity» Applied Computer Science 2025, vol. 21, no. 1, pp. 97–110 https://doi.org/10.35784/acs_7037 (процентиль 47).
2. Oxana Denissova, Zhadyra Konurbayeva, Monika Kulisz, Madina Yussubaliyeva, Saltanat Suiebayeva Measuring the Digital Economy in Kazakhstan: From Global Indices to a Contextual Composite Index (IDED) Economies 2025, 13(8), 225; https://doi.org/10.3390/economies13080225 (процентиль 80).

және отандық журналдарда ұсынылған алты мақала КОКСНВО РК:
1. Конурбаева Ж.Т., Суйеубаева С.Н., Рахимбердинова М.У. Преодоление барьеров на пути к Индустрии 4.0: Технологическая готовность и кадровые вызовы в горно-металлургической отрасли Казахстана. Вестник КазУЭФМТ №3(56) 2024 DOI 10.52260/2304-7216.2024.3(56).33.
2. Тлебалдинова А.С., Смаилова С.С., Кумаргажанова С.К. Роль высшего образования в экономическом развитии: обзор факторов и подходов моделирования. Вестник КазНПУ им. Абая №4(84), 2024 https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.84.4.001.
3. Сизов М., Конурбаева Ж.Т., Смаилова С.С., Кумаргажанова С.К. Современное инженерное образование: модели и тренды. Вестник Торайгыров университета №4, 2024  https://doi.org/10.48081/NFDS1683.
4. Байгереев С., Машекенова А. Прикладная компьютерная модель для вычисления параметров сертификата профессионального инженера в сфере машиностроения. Вестник ВКТУ им.Д.Серикбаева №4, 2024 DOI: 10.51885/1561-4212_2024_4_5.
5. М. U. Rakhimberdinova,  Zh. T. Konurbayeva, A. H. Mashekenova Economic aspects of integration of technical and vocational education standards in the training of engineering staff/  Central Asian  Economic Review 2025  Volume 1 No. 160 pp.89-100 DOI: https://doi.org/10.52821/2789-4401-2025-1-89-100.
6. Zykova N., Mendykulova G., Amralinova B., Sarkambayeva Sh. Comparative analysis of current approaches to advanced training of engineering faculty. ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», №2(86), 2025 г.    https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.86.2.019

Инфографика

Соңғы өзгерістер күні:
14.08.2025