Dáýlet Serikbaev atyndaǵy Shyǵys Qazaqstan memlekettik tehnıkalyq ýnıversıteti

Кітапхананың ақпараттық қорлары

"Параграф" анықтамалық құқықтық жүйесі – Қазақстанның заңдары туралы жүйелендірілген және жедел жаңартылып отыратын деректер банкі. Жүйе құқықтық нормативті актілер мәтінін берумен қатар құжаттар жобасы мен нормативті-техникалық құжаттарға түсініктемелер береді, мемлекеттік мекемелердің мекенжайы мен телефондарын, құжаттар пішінін т.б. береді.

Кітапханалық-ақпараттық орталығында(Г-1-135)және нормативтік-техникалық және патенттік құжаттар бөлімінде (Г-1-223 ) кіруге болады.

 

«SANA- 2001» бағдарламасы сметалық-нормативтік базаға сүйене отырып жасалған құрылыстың сметалық бағасын есептейтін бағдарлама.

Кітапхананың нормативтік-техникалық және патенттік құжаттар бөлімінде (Г-1-223 ) кіруге болады.

 

«Қазақстан Республикасы патенттері» ДБ  - Қазақстан Республикасы аймағында 1993-2012 жылдары тіркелген патенттердің сипаттамаларын қамтиды.

Кітапхананың нормативтік-техникалық және патенттік құжаттар бөлімінде  (Г-1-223) кіруге болады.

 

ААІЖ – Автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесі. Бұл Қазақстан Республикасы аумағындағы құрылыс, мұнайгаз, энергетикалық кешендердің: байланыс мекемелерінің, көліктердің, өрт қауіпсіздігінің, кәсіпорын және экологиялық қауіпсіздіктің тазалық-эпидемологиялық нормаларының, өнімдердің стандартының және сертификациясының және бағалауының және басқа да сфералардың қызметтерін реттеп отыратын құрамында 24000 нормативті-техникалық және нормативті-құқықтық құжаттарды қамтитын жобалық өнім.

Кітапхананың нормативтік-техникалық және патенттік құжаттар бөлімінде  (Г-1-223) кіруге болады.

 

Memorandum – бұл инженерлік-техникалық кітапхана. Ол инженерлік-техникалық жұмысшыларға, стандарттау және сапа бойынша мамандарға және өнеркәсіптік-техникалық бөлімдердің қызметкерлеріне, өнеркәсіпті қамтамасыз ететін бөлімдерге арналған.

Меmorandum кітапханасында Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық және техникалық құжаттары, анықтамалық материалдар, ғимараттардың, тораптардың және құрылымдардың типтік жобалары, сонымен қатар өндірушілер мен олардың өнімдерінің өндірістік каталогы жинақталған.

Меmorandum кітапханасында төмендегілерді қамтитын кітапханалық каталог бар: құқық актылері, техникалық нормалар мен стандарттар, ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың көрсеткіштері, құрылыс каталогтары, құрылыс, сәулет, қала салушылық  аймақтарындағы мемлекеттік нормативтер.

Кітапхананың нормативтік-техникалық және патенттік құжаттар бөлімінде  (Г-1-223) кіруге болады.