Виртуалды анықтама қызметі

Виртуалды библиографиялық анықтама:

ШҚМТУ-ң Ғылыми кітапханасында «Виртуалды библиографиялық анықтама» атты ақпараттық қызмет жұмыс жасай бастады. Бұл анықтамадан сіз мынадаай сұрақтарға жауап ала аласыз: кітапханада сізге керек кітап немесе журнал бар ма, сонымен қатар фактографиялық анқытамалар (атақты адамдардың өмір жолы, олардың өмірдеректерінен ақпараттар, тарихи оқиғалардың өткен күндері, терминдердің түсінігі т.б.). Кітапхананың алдыңғы қатарлы мамандары сұраныстарыңызға толық жауап береді. Сұрақ қоймас бұрын, сұраныс жасаудың реті мен ережесін мұқият біліп алу қажет. 

Сұраныс жасаудың реті мен ережесі:

  • Сұраныстар Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ң профессорлық-оқытушылық бөлімінен, аспиранттардан және магистранттардан ғана қабылданады.
  • Бір оқырманнан күніне бір ғана сұраныс жасалады.
  • Өз қалауыңызбен ұнамсыз сұрақтар мен сөздерді алып тастау құқығыңыз бар.
  • Егер сіздің сұранысыңызда бірнеше сұрақ болса, біз тек соның біреуіне ғана жауап береміз, ол сұрақты да біз таңдаймыз.
  • Дайын рефераттар, курстық және диплом жұмыстары және басқа да коммерциялық сипаттағы сұраныстарға біз жауап бермейміз.
  • Қызметкерлер оқытушылардың, аспиранттар және магистранттардың бірреттік сұраныстары бойынша 24 сағатта сұрақтарын жібере алады.
  • Анықтаманы алу үшін тапсырыс бланкысының барлық жолақтарын толық толтыру керек.
  • Сұраныстар [email protected]электронды почтасы арқылы, тек Ғылыми кітапхана оқырмандарынан қабылданады. Ақпарат электронды почта арқылы жіберіледі.
  • Ақпаратты алу шарты: электронды почта адресының болуы.

Тапсырыс бланкы: