Университеттің кітапхана қоры ЖОО-ның кәсіптік білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерінің бейініне сәйкес қалыптастырылады. Баспалардың каталогтары мен прайс-парақтарынан қажетті басылымдарды алдын ала таңдау арқылы жаңа әдебиетке тапсырыс беруге болады. Жаңа басылымдар туралы қосымша ақпаратты баспалар мен кітап сататын ұйымдардың веб-сайттарынан табуға болады.
Жаңа әдебиеттерді сатып алуға өтінімдер Д. Серікбаев ат. ШҚТУ-дың Ғылыми кітапханасының әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өңдеу бөліміне тапсырылады.
Өтінімді жібермес бұрын, әдебиеттерді сатып алуға өтінімдерді орындау тәртібі мен шарттарымен танысып, кітапханада басылымдардың бар-жоғын тексеру қажет.
Өтінім беру мерзімі:
Қыркүйек-қазан айларында келесі жылдың І жартыжылдығына
Мерзімді басылымдарға жазылу
Бұл өтініш әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өңдеу бөлімінің талабы бойынша жүзеге асырылады.
Мерзімді басылымдар - мәлімделген кезеңділікпен шығатын басылымдар. Мерзімді басылымдардың ең көп таралған түрлері-газеттер, журналдар, жылнамалар.
Мерзімді басылымдарға тапсырыс беру тәртібі туралы Нұсқаулық:
- Қағаз немесе электрондық тасымалдағыштағы кез келген прайс-көздерден газеттерді, журналдарды таңдау.
- Мерзімді басылымдарға кафедралар бойынша (ұсынылған формада) өтінім жасау (кафедра меңгерушісі мен институт директорының қолын қою).
- Өтінімді баспа және электронды түрде Д. Серікбаев ат. Ғылыми кітапхананың жинақтау және ғылыми өңдеу бөліміне беру қажет.
Өтінімдерді жасау кезінде мыналарды ескеру қажет:
- Егер мерзімді басылымдар электронды түрде шығатын болса, онда баспа басылымына тапсырыс берілмейді.
- Электронды басылымдарға басымдық беріледі.
- II жартыжылдыққа өтінім қайталанады, қажет болған жағдайда түзетіледі.
- Өтінімдегі басылымдар тізбесі басылымның маңыздылық дәрежесіне қарай орналасады (ең қажетті басылымдар тізімнің басында орналасады).
- Журнал қорын және ақпараттық басылымдар қорын жасақтау кезінде Жоғары аттестаттау комиссиясы (ЖАК) ұсынған басылымдарға артықшылық беріледі.
Өтінім беру мерзімі:
- Қыркүйек-қазан айларында келесі жылдың І жартыжылдығына;
- Наурыз-сәуір айларында ағымдағы жылдың II жартыжылдығына.