2022 жылы 29 қазанда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Өскемен жоғары медициналық колледжі ШҚО Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарының студенттері арасында "Жаңа Қазақстанға бір қадам" атты пікірсайыс тренингін өткізді.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік-техникалық колледждерінің студенттері, пікірсайыс клубтарының басшылары қатысты.

Аталған іс - шараға Өскемен, Риддер, Алтай және Күршім, Катонқарағай, Самар, Ұлан аудандарының колледждерінен 120 студент қатысты. Тренинг және пікірталас ойындары қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Біздің тренингке қатысқан студенттерге сертификаттар табысталды.