20.10.21 жылы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, «Өскемен жоғары политехникалық колледжімен» КМҚК бірлесіп «Саналы ұрпақ-Мәңгілік Ел болашағы» атты облыстық жастар слет-форумын өткізді. Слеттің негізгі мақсаты: ТжКББ ұйымдарында оқитын студенттердің бойында адалдықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Кездесу барлық санитарлық нормаларды ескере отырып, еркін достық жағдайда өтті. Облыс колледждерінің қатысушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерін көрсетті.
Слетте салтанатты жағдайда «Саналы ұрпақ» қатарына жаңадан колледждердің 1 курс студенттері қабылданды. 5-ОД-1р тобының студенті Жомарт Радмир «Саналы ұрпақ» ұйымына мүше болды.