24.12.25 ж. Жоғары ІТ колледжінде «Бірлік — алынбас қамал» тақырыбында TEDx форматындағы кездесу өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Тұғамбаева Қорлан Төлебекқызы қатысты. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне арналды
Кездесу барысында Қорлан Төлебекқызы сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір азаматтың жеке жауапкершілігінен басталатынын атап өтті. Әсіресе, әділ әрі ашық қоғам құрудағы жастардың рөліне ерекше назар аударылды. Спикердің айтуынша, бірлік, адалдық және белсенді азаматтық ұстаным – мемлекеттің берік негізі, ал қоғамның ауызбіршілігі оны сыбайлас жемқорлық секілді келеңсіз құбылыстардан қорғайтын «алынбас қамалға» айналдырады
TEDx форматындағы кездесуде қонақ «Жастар Рухы» жастар қанатының жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтіріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға және жастар арасында адалдық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған жобалар мен бастамалар туралы айтып берді. Сондай-ақ қоғамдық бақылау тетіктері, мемлекеттік құрылымдардағы ашықтықтың маңызы және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік таныту қажеттігі талқыланды
Колледж белсенділері талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын білдірді. Диалог барысында студенттердің болашақ маман әрі ел азаматы ретінде адалдық, жауапкершілік және принципшілдік қасиеттерін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысында қатысушылар мұндай іс-шаралардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудағы және бірлік пен әділдік құндылықтарын нығайтудағы маңызын атап өтті. Өткізілген кездесу студенттердің азаматтық белсенділігін арттыруға және колледждің қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етті.