2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінде «Жас Айбын» әскери-патриоттық клубы өз жұмысын бастады.

Клуб құрамына 39 студент қабылданды. Клуб жетекшісі, запастағы подполковник Т.М. Егембердинов қатысушыларды 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Клуб қатарына жаңадан қабылданған студенттер салтанатты түрде Ант қабылдады.

Практикалық сабақтар барысында клуб мүшелері Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинау, оқжатарды патрондармен жабдықтау, сондай-ақ пневматикалық винтовкадан ату тәсілдерін меңгеруге кірісті.

«Жас Айбын» әскери-патриоттық клубының жетекшісі — запастағы подполковник Т.М. Егембердинов.