Жоғары оқу орындарының ақылы түрде білім алатын студенттері мен талапкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігі жанында құрылған «Қаржы орталығы» кепілдемесі негізінде несие алуларына болады. Қазіргі уақытта білім алу несиелерін осы бағдарламаға қатысушы екінші деңгейлі ірі банктер («Қазақстан Халық банкі» АҚ, "БТА Банк" АҚ, "Альянс Банк" АҚ) ұсынады .
Негізгі шарттары:
- жеңілдетілген мерзімнің болуы= оқу мерзімі– жұмысқа орналасуына6ай;
- несиені мерзімінен бұрын өтеуге шектеу қойылмайды;
- кепілдікті қамтамасыз етудің болмауы;
- ең төменгі пайыздық төлем.
Қосымша ақпарат алу үшінСіз "Қаржы орталығы"АҚ хабарласуыңызға болады:
- телефондары: 8 (7172) 91194 (45, 46, 47), 245062
- e-mail: [email protected]
- web-сайт: www.fincenter.kz
Сонымен қатар Сіз өз қалаңыздағы"Қаржы орталығы"АҚ серіктес-банктеріне хабарласуыңызға болады.