Несіпқалиев Ұлан Еренғалиұлы
2012 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірген.
2023 жылы «Information Technology Management» бағыты бойынша University of California San Diego-да «Болашақ» бағдарламасы бойынша жылдық тағылымдамадан өтті.
2012 жылдың тамызынан 2015 жылдың шілдесіне дейін «ЭлтексАлатау» ЖШС-де даму және сервистік қолдау бөлімінің инженері болып жұмыс істеді.
2015 жылғы шілдеден 2018 жылғы сәуірге дейін «Банк RBK» АҚ-да банк карталары департаменті техникалық сүйемелдеу басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.
2018 жылғы сәуірден 2018 жылғы тамызға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да ашық кілттер инфрақұрылымы департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2018 жылдың тамызынан 2020 жылдың қаңтарына дейін ««Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің бас талдаушысы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың наурызына дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Ақпараттық технологиялар басқармасын басқарды.
2023 жылдың мамырынан 2025 жылдың ақпанына дейін ҚР ҒЖБМ Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
ҚР Сенаты жанындағы «Талдау мектебі» аналитика мектебінің түлегі.
Жобаларға қатысу: ҚР мемлекеттік органдарының бірыңғай интернет платформасын енгізу (gov.kz). Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қоғамдық жобалау кеңсесі бастамашылық еткен БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі акселератор жобасындағы сарапшы. ҚР жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының цифрлық жетілу деңгейін айқындау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге қатысу. ҚР бойынша ұлттық рейтингтер жобасын әзірлеуге қатысу. ҚР ҒЖБМ жоғары білім берудің бірыңғай платформасын әзірлеу және енгізу.
Халықаралық тағылымдамалар: 2016 жылы Литва, Каунас технологиялық университетінде біліктілікті арттыру курстары. АҚШ-тың Калифорния Сан-Диего университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша бір жылдық тағылымдамадан өтті. Бағдарлама аясында Leadership and it Management оқыды. Бағдарламаны сәтті аяқтағаны туралы сертификақа ие.
Соңғы өзгерістер күні:17.04.2025