ШҚТУ түлектерімен кездесу өтті
«Алтын бесік» университет түлектерінің қауымдастығы жыл сайын тұлғааралық және корпоративтік өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру, олардың кәсіби ілгерілеуі мен өзін-өзі дамытуы негізінде оларды біріктіруге бағытталған әр жыл түлектерінің дәстүрлі кездесулерін ұйымдастырады. Бұдан басқа, бұл ЖОО-ның үздік дәстүрлерін сақтауға, корпоративтік бірлікке жәрдемдесуге, практикалық тәжірибе алмасуға және кәсіби ғылыми және шығармашылық әлеуетті іске асыруға ықпал етеді. Әрине, кездесулер қатысушыларды суретке түсірмей аяқталмайды. Сіздердің назарларыңызға олардың кейбірін ұсынамыз.