CDIO концепциясы 12 стандартта баяндалған:
Стандарт 1 – CDIO как жалпы даму контексті
Өнімдер мен жүйелерді олардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде құру және дамыту – Жоспарлау, Жобалау, Іске асыру және Басқару – инженерлік білім берудің жалпы даму контексті ретінде қабылданады.
Стандарт 2 – CDIO бағдарламасының нәтижелері
Бағдарламаның барлық қатысушылары мақұлдаған және бағдарлама мақсаттарына сәйкес өнімдер мен жүйелерді құруда тұлғалық, аралық және кәсіби инженерлік құзыреттерді игеру туралы нақты, толық сипаттама.
Стандарт 3 – Интеграцияланған оқу жоспары
Тұлғалық, аралық құзыреттерді және өнімдер мен жүйелерді құру дағдыларын оқытуды интеграциялауға мүмкіндік беретін өзара толықтыратын оқу пәндерін қамтитын оқу жоспары.
Стандарт 4 – Инженерлік білімге кіріспе
Өнімдер мен жүйелерді құру саласындағы инженерлік практика негіздерін қоятын, сондай-ақ тұлғалық және аралық құзыреттерді оқытатын кіріспе курс.
Стандарт 5 – Өнімдер мен жүйелерді жобалау және құру тапсырмалары
Оқу жоспары жобалау және өнімдер мен жүйелерді құру бойынша кем дегенде екі оқу-тәжірибелік тапсырманы қамтиды, олардың біреуі бастапқы деңгейде, екіншісі – жетілдірілген деңгейде орындалады.
Стандарт 6 – CDIO оқу орындары
Өнімдер мен жүйелерді жобалау және құру дағдыларын оқытудың практикалық тәсілін, пәндік білім беру және әлеуметтік оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігі бар оқу аудиториялары мен зертханалар.
Стандарт 7 – Интеграцияланған оқу тапсырмалары
Пәндік білімдермен қатар тұлғалық, аралық құзыреттер мен жаңа өнімдер мен жүйелерді жобалау және құру дағдыларын меңгеруге арналған интеграцияланған оқу тапсырмалары.
Стандарт 8 – Белсенді оқу
Практикалық тәсілдерге негізделген белсенді оқыту.
Стандарт 9 – Оқытушылардың CDIO дағдыларын арттыру
Оқытушылардың тұлғалық, аралық құзыреттер және өнімдер мен жүйелерді құру дағдылары бойынша біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Стандарт 10 – Оқытушының кәсіби біліктілігін арттыру
Оқытушылардың интеграцияланған практикалық сабақтар өткізуде, белсенді оқыту әдістерін сабақ барысында қолдануда және студенттердің оқу жетістіктерін бағалауда біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Стандарт 11 – CDIO дағдыларын меңгеруді бағалау
Студенттердің тұлғалық, аралық құзыреттерді меңгеруін, өнімдер мен жүйелерді құру дағдыларын және пәндік білімдерін бағалау.
Стандарт 12 – CDIO бағдарламасын бағалау
Студенттер, оқытушылар және басқа да негізгі қатысушылар тарапынан білім беру процесін үздіксіз жетілдіру мақсатында аталған он екі стандарт бойынша бағдарламаның бағаланатын жүйесі.
Соңғы өзгерістер күні:13.02.2025