«Сорғылар, желілер және су дайындау» оқу зертханасы

Су шаруашылығы  және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы

 

Орналасқан жері:  Г 2-107

 Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығының «Сорғылар, желілер және су дайындау» зертханасы «Су ресурстары және суды пайдалану» және «Инженерлік жүйелер мен желілер» бакалавриатының, «Сумен қамту және канализация»  магистратурасының білім беру бағдарламалары бойынша білім берудің тәжірибеге бағдарланған моделін іске асыру үшін оқу-өндірістік база болып табылады.

Зертхана студенттерге, магистранттарға және қызметкерлерге тәжірибеге бағытталған оқыту мен зерттеу жұмыстарының негізі болып табылады. Зертхана өндіріс жағдайында табиғи және сарқынды суларды тазарту бойынша ғимараттардың, сорғылардың, қысымды желілердің жұмысын кәсіби бақылауға, зерттеуге және талдауға қабілетті студенттер мен магистранттардың шығармашылық әлеуетін қалыптастыру үшін құрылған.

 

Зертхана қызметінің бағыты

  •  студенттердің техникалық білім дағдыларын дамыту арқылы оқу барысында тәжірибелік  және теориялық білім арасындағы алшақтықты жою;
  • Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің түлегін, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті маман ретінде даярлау сапасын жетілдіру;
  • студенттерге сумен жабдықтау және канализация жүйелеріндегі әртүрлі құрылғылар мен аппараттардың жұмыс принциптерін игеруге мүмкіндік беретін теориялық дәріс сабақтарында алынған материалдарды тәжірибелік зерттеу;
  • өндірістік кәсіпорындардағы өндірістік тәжірибелер кезінде студенттер жүргізетін зертханалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану;
  • тәжірибелік білім беру саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • сорғылардың жұмысы, қысымды су құбыры желілерін пайдалану, суды тазарту бойынша құрылыстардың жұмысы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде заманауи зерттеу әдістемелерін, аспаптар мен жабдықтарды зерделеу бойынша семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру және өткізу.

 

Зертхананың кадрлық әлеуеті

Аты-жөні Лауазымы Ғылыми дәрежесі, атағы
1 Еремеева Ю.Н. аға оқытушы т.ғ.к.
2 Давыдов Ю.Ф. аға оқытушы РФ т.ғ.к.
3 Мамырбекова Г.К. аға оқытушы техника және технология магистрі
4 Анапьянова С.Б. оқытушы ғылым магистрі

 

Зертхана базасында өткізілетін оқу пәндері, курстар мен тәжірибелер  

  1. Сорғыштар және сорғыш бекеттері
  2. Суды тазалаудың технологиясы және техникасы
  3. Су сапасын жақсарту
  4. Су химиясы және суды талдаудың заманауи әдістері
  5. Суды тасымалдау
  6. Сорғыш бекеттері және су алу ғимараттары

 

Зертхананың қондырғылары мен жабдықтары:

  • Жедел сүзгі
  • Гидроциклон
  • Сорғыштар
  • Айналмалы су құбыры желісі
  • Сүзгілерге арналған жүктемені електік талдау (елек)
  • Гидравликалық таран

 

Зертханада жүргізілетін зертханалық жұмыстардың тізбесі

  • Орталықтан тепкіш консоль сорғыларының құрылымын зерттеу
  • Сынақ деректері негізінде сорғының Q-H жұмыс сипаттамасын тұрғызу
  • Сорғылардың тізбекті және параллель жұмысында Q-H жұмыс сипаттамасын тұрғызу
  • Сорғылар мен сумен жабдықтау желісінің бірлескен жұмысын зерттеу
  • Қолданыстағы сорғы станцияларында басқару жүйелері мен жабдықтардың жұмысын зерттеу
  • Айналмалы су желілерін гидравликалық есептеу
  • Сұйықтың шығынын құбырдың ұзындығы бойынша әртүрлі тәсілдерімен алу арқылы өлшеу сипаты
  • Ұзындығы бойынша бөлінген су ағыны бар құбырлар үшін пьезометриялық сызықтар салу
  • Сарқынды сулардың тұнбасын кондиционерлеу үшін реагентті таңдау
  • Сүзгі материалының параметрлерін анықтау
Соңғы өзгерістер күні:
27.01.2023