ББ бағыты:
- Жобалаудағы BIM-технологиялар
Бағдарламаны игеру барысында білім алушылар білім мен дағды алады:
- Ақпараттық модельдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеруді;
- Ғимараттың өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдерінде интеллектуалды 3D модельдерін қолдануды;
- Ақпараттық модельдеу технологиясымен жобалау және құрылыс процестерін басқаруды;
- Ақпараттық модельдеу технологиясын пайдалана отырып, инфрақұрылым ғимараттары мен объектілерін жоспарлауды, жобалауды, құрылысын және пайдалануды.
Кәсіби қызмет саласы :
- Өнеркәсіптік және тұрғын үй ғимараттарын жобалау және құрылысы;
- Құрылыс құрылымдарын есептеу және жобаларды графикалық әзірлеу үшін компьютерлік бағдарламаларды практикалық қолдану;
- Құрылыс пен жоба тәжірибесін техникалық қолдау;
- Ғимараттар мен құрылымдарды мониторингілеу, бағалау және қайта құру.
Бағдарламалық қамтамасыз ету:
- Autodesk Revit ;
- SCAD Office;
- Tekla Structural;
- Autodesk AutoCAD
Құрылыс мамандықтары түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру оқу процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізумен байланысты - сәулет, құрылыс құрылымдары, инженерлік желілер, құрылыс өндірісінің технологиясы.
Бұл қолда бар аттестаттар мен лицензиялар негізінде ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау проблемаларының кешенін шешуге мүмкіндік береді.
Зерттеу салалары:
- жобалаудың жаңа технологиялары;
- жаңа бағдарламалық өнімдерді игеру және оларды жетілдіру;
- заманауи жеңіл құрылыс материалдарын қолдана отырып, жаңа объектілерді жобалау;
- BIM-технологияларды пайдалана отырып, қолданыстағы құрылыс ғимараттарының сейсмикалық қауіпсіздігін және сенімділігін зерттеу, бағалау;
- қолданыстағы құрылыс ғимараттарын қайта жаңартуды және сейсмикалық нығайтуды жобалау;
- қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды қайта жабдықтауды, қайта жоспарлауды жобалау;
- ғимараттар мен құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін бағалау.
Серіктес ЖОО:
- Санкт-Петербург сәулет-құрылыс университеті (Санкт Петербург қ., Ресей);
- Самара техникалық университеті (Самара қ., Ресей).
Түлектер құрылыс бұйымдары мен конструкцияларының BIM - үлгілерін және BIM-кітапханаларын әзірлей алады; құрылыс алаңында бақылауды жүзеге асыра алады, жобалық және нақты шешімдердің қателері мен сәйкессіздіктерін іздей алады.