Тәрбие жұмысының мақсаты білім алушылардың таңдалған даярлық бағыты (мамандығы) бойынша кәсіби қасиеттерін, азаматтық және өмірлік ұстанымдарын, заманауи өркениет жағдайында өмір сүру және еңбек ету қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ оларда инициативтілік және шығарашылық қасиеттерін дамыту болып табылады.
Тәрбие жұмысы оқу-ұйымдастырушылық және тәрбие саласының дамып келе жатқан бағыттарына сай келетін түрлі қызмет нысандарын.
Тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Патриоттық тәрбиелеу. Студенттерде патриоттық, өз факультетіне, университетіне, таңдаған мамандығына деген құрмет пен махаббат сезімдерін тәрбиелеу. Азаматтылықты, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру;
- Құқықтық тәрбиелеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Студенттерде оқу орны интерьерінің, құрылғылары мен дүние-мүлкінің сақталуы үшін жауапкершілікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпке, ішкі еркіндік пен өзіндік абыройды құрметтеуді тәрбиелеу;
- Адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу. Студенттер мінез-құлқының мәдениеті мен этикасын жоғарылату. Студенттердің бос уақыты мен демалысын ұйымдастыруға, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға белсенді ат салысу;
- Кәсіптік тәрбиелеу.
- Еңбекке баулу. Еңбекке деген қажеттілікті ең маңызды өмірлік құндылық ретінде тәрбиелеу;
- Спорт-массалық және сауықтыру жұмысы. Студенттерде салауатты өмір салтына деген ұмтылысты қалыптастыру.
Оқу кезеңінде біздің студенттер университет өміріне, мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысады:
- «Бірінші курс таланттары» байқау-жарысы;
- «Студенттік көктем» байқау-жарысы;
- «Мисс ШҚТУ» және «Мистер ШҚТУ» байқаулары;
- «Студент атану»;
- «Білім күні»;
- Жалпықалалық патриоттық іс-шаралар, шерулер;
- Университетке іргелес аумақтарды тазалау бойынша сенбіліктер.
СҚжДМ студенттері спорттың көптеген түрлері бойынша облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда университет намысын қорғайды, КТК командаларының құрамына кіреді.
Факультет кураторлары топтардағы студенттердің сабаққа қатысы мен үлгерімін, жатаханада тұратын студенттердің әлеуметтік жағдайларын тұрақты түрде бақылау жасап отырады.