Жастар ісі жөніндегі Комитеті Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары IT колледжінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады . сонымен қатар студент жастарының тыныс-тіршілігінің маңызды мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдау мен іске асыруға бағытталған мақсаттарды іске асыру үшін құрылады.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің мақсаты - білім алушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуіне, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту қабілетіне жәрдемдесу.
Жастар ісі жөніндегі Комитет қызметінің міндеттері:
- білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және білдіруге, оның ішінде олардың мүдделерін қозғайтын білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
- колледж басшылығына білім беру міндеттерін шешуге, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға жәрдемдесу;
- колледждің құрылымдық бөлімшелеріне білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;
- білім алушыларды жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысуға тарту;
- демократиялық мәдениет негіздерін дамыту, білім алушылардың қоғамдық өмірге қатысу қажеттілігін қалыптастыру;
- перспективалық қоғамдық маңызы бар жастар бастамаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- білім алушыларды колледж қызметі туралы хабардар ету.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы-Шевченко Юлия, ол Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары IT колледжі басшысының өкімімен тағайындалды.
Жастар ісі жөніндегі Комитет өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
- әлеуметтік саясат және волонтерлік бағдарламалар;
- ақпараттық-медиалық;
- инновациялық даму және зияткерлік бағдарламалар;
- спорттық-сауықтыру бағдарламалары;
- құқықтық білім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
- шығармашылық-демалыс бағдарламалары және дебаттық жобалар.
Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі ретінде колледждің барлық ниет білдірген білім алушылары қатыса алады.
29.09.2022 жылы колледждің барлық білім алушылары қатысқан дауыс беру қорытындысы бойынша, жастар ісі комитетінің төрағасы лауазымын Мусихин Данил иеленді.
25.09.2023 ж. - Жоғары ІТ колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің жаңа оқу жылындағы бірінші отырысы өткізілді.
2022-2023 оқу жылындағы Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмысына қорытынды жасалды.