Фотограмметрия және Жерді қашықтықтан зондтау оқу зертханасы студенттерге Жерді қашықтықтан зондтау мәліметтерін өңдеу (ғарыштық және аэрофототүсірілім материалдары), ортофотокарталарды, жер бедерінің сагдық модельдерін, жер бедерінің сандық модельдерін жасау саласында практикалық дағдыларды меңгеру үшін құрылған.

Зертханада студенттердің кәсіби құзыреттіліктері қалыптасады:

  • Қазіргі заманғы географиялық және ақпараттық жүйелерді, графикалық, аэроғарыштық, фотограмметриялық және басқа ақпаратты алу, дайындау және жүргізу әдістерін заманауи деңгейде пайдалана білу;
  • Заманауи геодезиялық жабдықты және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді кәсіби түрде басқару мүмкіндігі.

Мақсаты: студенттердің фотограмметрия, картаға түсіру, аэрофототүсіру және әртүрлі мақсаттағы ғарыштық түсіру материалдарын өңдеу саласындағы дағдыларын және құзыреттерін қалыптастыру, жоғары сапалы мамандарды дайындау.

Тапсырмалар:

  • зертханалық, тәжірибелік сабақтарды өткізу;
  • қашықтықтан зондтау деректерін қолданбалы пайдалану саласында зерттеулер жүргізу;
  • экология, геология, ауыл және орман шаруашылығы, аумақтық басқару және басқа да байланысты салалар мақсатында аэрофототүсірілімдерді орындау, ғарыштық суреттерді тақырыптық өңдеу.

Оқу кабинеті аэрофототүсірілімдер жасауға, ғарыштық суреттер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттардың мәліметтерін өңдеуге қажетті бірегей жабдықтармен және бағдарламалармен жабдықталған.