Шет тілінен тест
Оқуға дайындық тесті
Бейіндік пәндер
- Геодезия
- Жер ресурстарын басқару
БББ мақсаты:
Жерге орналастыру және кадастр саласында зерттеулер мен әзірлемелерді табысты жүргізе алатын, кәсіби, ғылыми, педагогикалық қызметте функционалдық сауаттылықты және бәсекеге қабілеттілікті көрсете алатын маманның кәсіби қалыптасуы мен зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.
Бағдарламаның өзектілігі:
Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасының негіз қалаушы қағидаттарына негізделеді.
"Жер кадастры және жерге орналастыру" БББ түлектері мамандандырылған компьютерлік бағдарламаларда (AutoCAD, MapInfo, QGIS, FOTOMOD, Agisoft PhotoScan, ГАЖ Спутник Агро және т.б.) жұмыс істеу және деректерді өңдеу дағдыларын игереді, заманауи геодезиялық жабдықтармен жұмыс істеу, жер бедерін топографиялық түсіруді орындау, цифрлық карталарды әзірлеу және деректер базасын жүргізе алады.
Жер кадастры, жерге орналастыру және дәлме дәл егіншілік саласында алынған білім, жерді мемлекеттік тіркеу мен есепке алудың теориялық негіздерін білу, жер-кадастрлық есепке алу құжаттамасымен жұмыс істей білу, жерге орналастыру жобалары мен агробизнеспландарды әзірлеу түлектерге алған білімдерін одан әрі кәсіби қызметте табысты іске асыруға және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.
Серіктес ЖОО:
- Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университеті, Новосибирск қ., Ресей Федерациясы;
- Ташкент ауыл шаруашылығын суару және механикаландыру инженерлері институты, Ташкент қ., Өзбекстан;
- Жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік университеті, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы
Серіктес кәсіпорындар:
- ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы;
- «ШҚО жер қатынастары басқармасы» ММ;
- «АЛТАЙ ГЕОСЕРВИС» ЖШС.