2026 жылдың 15 сәуірінде университетіміздің «Абай» клубының студенттері Шығыс Қазақстан Өнер мұражайына танымдық сапар жасады. Студенттер бірнеше көрме залдарын аралады. Бейнелеу өнерінің сан қырымен танысып, әр суреттің салынған уақытына, бояуына, оның композициясына аса назар аударып, қызығушылық танытты. Клуб мүшелері үшін танымды, мазмұнға толы экскурсия болды.