А.С. Пушкин клубының мүшелері Нагибаев Д. (20-ТЛК-1), Альгужинова М. (20-ТЛК-1), Ерсаинова А. (20-МСК-1) Вятка мемлекеттік университетінің филология және медиакоммуникация факультеті (Киров қ., Ресей) ұйымдастырған "АзБукиВеди" мәнерлеп оқу және көркем аударма халықаралық байқауына қатысты. Байқауға 20 елден 900-ден астам адам қатысты: Үндістан, Чехия, Польша, Италия, Австрия, Қытай, Словакия және т. б. Біздің студенттер сертификаттармен, ал клуб жетекшісі-алғыс хатпен марапатталды.