Қазақ және орыс поэзиясын насихаттау мақсатында 2021 жылдың 20 сәуірінде Пушкин клубының мүшелері «Поэзия - сөздердің музыкасы» атты поэзия кешін өткізді.

Іс-шараға 20-БҚК-2, 20-ГДК-1, 20-КЛК, 20-ДСК-1 топтарының студенттері қатысты. М.Мақатаев, С.Есенин, А.Құнанбаев, Е.Евтушенко және т. б. өлеңдері оқылды.

Барлық қатысушылар жағымды эмоциялар алып қана қоймай, сыйлықтар да алды. Клуб жетекшісі кештің барлық қатысушыларына және оның ұйымдастырушысы Альгужинова Мадинаға алғысын білдірді.