«Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бірге кездессе, бірін-бірі жасырыңқырап тұрады, ашықтық пен абайсыздық бірге кездессе, бірін-бірі асырыңқырап тұрады»
Ғабит Мүсірепов
Клуб жұмысы Клуб кеңесінің басшылығымен іске асады.
Клубтың жұмысы, жоспары клуб мәжілісінде талқыланып, бекітіледі.
Клуб жұмысы бойынша кафедраға есеп беріліп отырады.
Мақсаты: қыздарды қоғамдық ортаға бейімдеп, білім-ғылымды үйрету арқылы қазіргі заманға сай іскер әйелдер келбетін қалыптастыру.
Міндеттері:
- Тарихи дара тұлға-арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру;
- Қазіргі заманға сай іскер әйелдер келбетін қалыптастыру;
- Кез-келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту;
- Сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, салауатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды ұйрету;
- Болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау;
- Қыздарға пайдалы кеңестер беру арқылы тәжірибелі мамандармен кездесу ұйымдастыру.
Клуб жұмысының жоспары бойынша отырыстар, дөңгелек үстел, пікір сайыстар, көрсетілімдер, клуб мүшелігіне қабылдау, кездесу өтеді.
Клуб мәжілісі әр айдың сейсенбісінде, сағат 15.00 өтеді.