Қазақ және орыс тілдері

  Мәтінді оқу  

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы 2006 жылы 18 қарашадағы ректордың № 13-П бұйрығымен қазақ, орыс тілдері кафедрасы негізінде құрылған.

Кафедраның миссиясы:

Өздерінің болашақ кәсіптік қызметінде және қазіргі заман талабына сай іскери қарым-қатынас саласында алған білімдері мен машықтарын кешенді түрде пайдалана алатын болашақ мамандарды табысты әлеуметтендіру үшін қазақ және орыс тілдерін оқыту саласы бойынша сапалы білім беру қызметін ұсыну.

Кафедраның стратегиясы:

  • техникалық жоғары оқу орнының болашақ мамандарын жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды оқыту арқылы мемлекеттік тілге және ұлтаралық қатынас тіліне дайындау сапасын арттыру;
  • кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуетін арттыру;
  • кафедраға бекітілген оқу пәндерінің әрдайым тәрбиелік рөлін арттыру және Тілдерді қолдану мен дамытудың  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шараларының университетішілік Жоспарын орындау жұмыстары;
  • университеттің басқа да құрылымдарымен, мемлекеттік мекемелермен, мектептермен стратегиялық серіктестік жүйесін қалыптастыру;
  • кафедра ұжымының корпоративтік мәдениетін жетілдіру;
  • кафедраның материалды-техникалық базасын кеңейту және жаңарту.

Кадрлық әлеует:

Кафедра өз миссиясы мен стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру үшін біліктілігі жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілген.

Кафедра тарихы

1990 жылғы қыркүйек айында университетімізде алғаш рет «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы ашылды және оның бірінші меңгерушісі болып Ж.Д. Назбиев тағайындалды. 

Ал 1993 жылы жеке «Қазақ тілі» кафедрасы болып, барлық факультет мамандықтарын оқу үрдісімен қамтамасыз етті. Кафедраның алғашқы оқытушылары: А.Қ. Қонарбаева, К.М. Маселова, Р.Г. Cагидуллина.

Қазақ тілі кафедрасын аға оқытушы К.М. Маселова; филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы К.Ә. Құсманова; филология ғылымдарының кандидаты О.C. Сапашев; доцент А.Қ. Қонарбаева; доцент С.Қ.Ережепова басқарды.

2006 жылы «Қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу» кафедрасы болып қайта құрылды.

2007 жылдан бастап кафедраға педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.К. Жанәбілова басшылық етеді.

Кафедра «Ресейдің алтын кафедрасы» конкурсына қатысып, Ресей Президиумы Жаратылыстану академиясының дипломымен және төс белгісімен марапатталды.

2015 жылы кафедра «Қазақ және орыс тілдері» болып қайта аталды. Қазіргі таңда кафедраға Г.Б. Асавбаева басшылық етуде.