Кафедра студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыруға және шығармашылық бастаманы дамытуға бағытталған.

Жыл сайын І курс студенттері арасында мемлекеттік және орыс тілдерін білуге арналған ЖОО ішіндегі олимпиадалар өткізіледі. Олимпиадалар тілдік оқытудың барлық деңгейлері бойынша студенттердің білімін анықтайды. Конкурстардың қорытындысы бойынша университеттік командалар құрылады.

"Серпін" бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған орыс тілінен олимпиада, сондай-ақ Славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған Орыс тілі мен сөйлеу мәдениеті бойынша халықаралық интернет-олимпиада дәстүрге айналды.

Студенттер облыс әкімінің жүлдесі үшін жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтетін облыстық байқауға қатысады. Конкурсты өткізудің мақсаты мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік рөлін кеңейту және нығайту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ауызша сөйлеу тілін дамыту, жастар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Нәтижесінде ШҚМТУ командалары жүлделі орындарға ие болып, облыс әкімінің дипломымен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Студенттерді Қазақстанда тұратын этностар арасында "Тіл-парасат" мемлекеттік тіл білгірлерінің қалалық байқауына дайындау – кафедраның тағы бір дәстүрі.

Жалпыұлттық жаппай диктанттарға қатысу мемлекеттік тілдің этносаралық коммуникация тілі ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді. Акцияларға тек студенттер ғана емес, сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен қоғам қайраткерлері де қатысады.

"Қазақ жазуының тарихы", "Қазақ тілінің латын әліпбиіндегі емле ережелері", "Тіл – біздің бірлігіміз бен тұтастығымыздың кепілі", "Қазақ және орыс жазушыларының, ақындарының шығармашылығы" сияқты филологияның маңызды мәселелерін қамтитын ғылыми семинарлар мен дөңгелек үстелдер жиі өткізіліп тұрады.