Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Демек оқушыларға дұрыс жөн сілтеу ұстаздардың пайымды пікірлерін тыңдау мен түрлі саладағы мәртебелі мамандық иелерімен кездесудің маңызы өте зор.
Осы мақсатта оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу және пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту үшін кафедра оқытушылары қала, аудан, ауылдағы білім шаңырақтарына барып, түрлі тақырыптарда еркін әңгіме жүргізеді. Мектеп оқушыларына университеттің материалды – техникалық базасы мен тарихы, мамандықтардың таныстырымы ұсынылады.