Профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби дайындығы мен оны жоғарлату

2018 жылғы қазан айының соңында әскери кафедраның профессорлық-оқытушы кұрамы жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелері жөніндегі оқыту семинарына қатысты. 

Шараның ұйымдастырылуы және өткізілуі «ШҚМТУ жаңа білім технологиялары және қайта даярлау Институты», ал семинардың тренері Алматы қаласындағы ЖШС «ИСО енгізу Агенттігінің» басшысы Анатолий Бандуро болды. 

Семинар барысында А. Бандуро 18 сағат көлемінде, қатысушыларға  ISO 37001:2016 «Жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелері» стандарттың негізгі баптарын, ережелерін, талаптарын және ерекшеліктерін жеткізді.

Семинар аяқталған соң әскери кафедраның бастығы О. Манцуровқа, цикл бастығы (қ) полковник Э. Глубрановқа, цикл бастығының МА майор О. Баукенге,  аға оқытушы (қ) подполковник Б. Эшонкуловқа оқылған стандарт бойынша негізгі білімдерін алғаны үшін сертификаттар берілді.