Бизнес мектебінің магистранты ғылым және жоғары білім министрлігі дипломымен марапатталды
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2024 жылғы Республикалық байқауында «6B04107 – «Social медиа маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша Мәжібаева Бақыт Еркінқызы III Дәрежелі Министрлік дипломымен марапатталды.
«6B04107 – «Social медиа маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша 2024 жылғы СҒЗЖ конкурсын өткізудің базалық ЖОО «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті болды.
Ғылыми жұмыс тақырыбы: «SMM және маркетингте AI қолданудың келешегі», ғылыми жетекшісі – Ислям Г.И. э.ғ.к., қауымдастырылған профессор.
ШҚТУ Бизнес мектебі студенттері халықаралық олимпиадаға қатысты
2024 жылдың қараша айында 21-ГФМК-1 тобының студенттері Қабидешов Бекзат мен Каримханов Медеу халықаралық пәндік олимпиадаға қатысты.
Олимпиада Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің "Қаржы" кафедрасының ұйымдастыруымен «Қаржыгер күні» іс-шарасын мерекелеу қарсаңында «Цифрландыру және жаһандық тәуекелдер жағдайындағы қаржы-экономикалық жүйенің тұрақты дамуының қазіргі тенденциялары» тақырыбында өтті.
Пәндік олимпиаданың мақсаты: білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу болды.
Олимпиада 2 кезеңде өтті. 1 кезең: стартап-жобаларды таныстыру және қорғау, (1 команда - 2 адам). 2 кезең: блиц-турнир-бизнес және кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық негіздері бойынша сұрақтарға жауаптар.
Қойылған талаптарды жоғары дәрежеде сәтті орындап, Қабидешов Б.Қ. мен Каримханов М. М. командасы I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ғылыми жетекшілері: Нурекенова Эльвира Собетоллаевна – Бизнес мектебі профессоры, э.ғ.к., Ислям Гульнара Ислямовна – Бизнес мектебі қауымдастырылған профессор, э.ғ.к.
Бизнес мектебі студенттерінің жарыстар мен олимпиадалардан жеңімпаздары
Бизнес Мектебі профессор-оқытушыларының жетекшілігімен студенттер республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық және ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысады, олардың қорытындысы бойынша айтарлықтай нәтижелер бар.
2023-2024 оқу жылындағы және 2024 жылдың күзі бойынша басты нәтижелері.