6B04107 - Social медиа маркетинг (Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен (Алматы қ.) Бірлескен ББ)

  Мәтінді оқу  

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Қойылған бизнес-міндеттерді іске асыру және компанияның даму мақсаттарына қол жеткізу үшін сандық ортада стратегияларды, сандық және маркетингтік коммуникация құралдарын әзірлеу және іске асыру технологияларын кәсіби меңгерген маркетинг саласындағы жоғары кәсіби дипломды мамандарды даярлау.

ББ негізгі бағытын көрсететін идеясы

Білім беру бағдарламасы кәсіби мамандарға, журналистке, PR-маманға және тәжірибелі әлеуметтік желіні пайдаланушының кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибелік машықтары бар бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлаудың қазіргі заманғы үрдістерін ескере отырып, кәсіптік әлеуметтік тапсырысқа бағытталған.

Мамандар лауазымдарының тізбесі

  • ұйымның social media маркетинг бөлімінің басқару қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • компаниядағы контентпен тұрақты жұмыс істеу процесін ұйымдастыру: ішкі және сыртқы мердігерлерді (дизайнер, фотограф, бейне-оператор, редактор) тарту арқылы идеядан іске асыруға бірегей мазмұн жасау, әлеуметтік желілердегі және түрлі интернет-сайттардағы мазмұнды редакциялау және басып шығару ;
  • контент-стратегияны әзірлеу және оны іске асыру: ОА сегменттеріне және коммуникация арналарына байланысты, сондай-ақ компанияның мақсаттарын есепке ала отырып, контентті құру және іске асыра білу.