Сабақтарды өткізу үшін магистранттарға автоматтандыру және мехатроника саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының, Veritas озық даму орталығының зертханалары ұсынылады. Бұл зертханаларда автоматтандыру және басқару саласындағы зерттеу тақырыптарының бағыты бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттарға кафедра базасында педагогикалық практикадан өту мүмкіндігі беріледі.
Тәжірибелер базасы
Оқу кезеңінде магистранттар үшін Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу орталықтарында, оның ішінде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да жұмыс істейтін VERITAS озық даму орталығында өндірістік практикадан және тағылымдамадан өту көзделген. Практика мен тағылымдама тиімділігінің негізі ғылыми-зерттеу аспектілеріне бейімділікпен технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жағдайында магистранттардың дербес және жеке жұмысы болып табылады. Магистрлік диссертация жазу үшін құзыреттілікті қалыптастыру және қосымша білім мен дағдыларды алу маңызды фактор болып табылады.
Шақыртылған профессорлар
Жақын және қашық шетел ғалымдары мен профессорлары магистранттарға арналған курстарды оқи отырып, Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар мен мамандарды тарту бағдарламасына қатысады. Шақыртылған ғалымдар мен кеңесшілер онлайн және офлайн сабақтарды өткізуге мүмкіндік алады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша "Автоматтандыру және басқару" мамандығының магистранттары Венгрияда, Польшада оқудан өтеді.
Магистранттар жыл сайын өз зерттеулерінің нәтижелерін ҚР, жақын және қашық шетелдерінің халықаралық конференцияларының материалдарында және КОКСОН ұсынған журналдарда, оның ішінде ШҚТУ хабаршысында белсенді түрде жариялайды.
Магистрлік диссертацияларды қорғау
Аттестаттау комиссиясының алдында магистрлік диссертацияларды қорғау таңдалған тақырып бойынша дипломдық жұмыстың тұсаукесерімен бірге графикалық материалды көрсетумен жүргізіледі. Аттестаттау комиссиясының төрағасы ретінде жетекші ғалымдар, технологиялық/ өндірістік процестерді автоматтандыру саласындағы кәсіпорындардың қызметкерлері шақырылады.