Металлургия бағыты

  Мәтінді оқу  

Металлургия бағыты 2023 жылғы 1 қыркүйекте Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебінің құрылымынан бөлу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды.

Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту бағыты пайдалы қазбаларды байыту және металлургия саласындағы жаңа білімдерді генерациялауға және таратуға, өндіріс процесіне озық технологияларды әзірлеуге және енгізуге бағытталған.

Мақсаты тау-кен байыту өндірісі мен металлургия саласында озық цифрлық технологияларды пайдалануға қабілетті жаңа формациядағы мамандарды даярлау болып табылады.

Профессорлық-оқытушылық құрамында 26 штаттық оқытушы бар, оның ішінде: 14 - ғылым кандидаттары мен PhD докторлары, 7 - магистр дәрежесі бар.

Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту бағыты бакалавриаттың 5 білім беру бағдарламасы бойынша, магистратураның 3 білім беру және докторантураның 1 білім беру бағдарламасы бойынша дайындауды жүзеге асырады. Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту бағыты түлектері-"Қазмырыш" ЖШС, "ҮМЗ" АҚ, "ӨТМК"АҚ сияқты түрлі тау-кен металлургиялық кәсіпорындарда сұранысқа ие мамандар. Риддер ТБК және "Алтай" ҚҚ, "Қазмырыш" ЖШС, "ҚР МШКҰЖ ҰО" РМК "ВНИИЦветмет" филиалы, "KAZ Minerals" ЖШС, "Алел" ФИК АҚ, "Қазақмыс "корпорациясы" ЖШС, "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС және басқалары.

Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту бағыты оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде - күндізгі және қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша жүргізіледі; көптілді топтарда сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.