8D07104 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары

  Мәтінді оқу  
(оқу мерзімі 3 жыл)
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі D104

 Оқуға түсу кезінде шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың және ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификаттың (ҚАЗТЕСТ) болуы міндетті. Оқуға түсушілер докторантураға оқуға дайындығын анықтау үшін эссе және тест жазады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша емтиханға магистратураның кәсіптік оқу бағдарламасының базалық және бейіндік пәндер циклінің міндетті компонентінің пәндері кіреді:

1 пән - Ғылыми зерттеулер әдістемесі

2 пән - Көлік техникасын пайдалану және қызмет көрсету

8D07104 "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" білім беру бағдарламасы ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмысты жүргізуге, өзекті ғылыми міндеттерді өз бетінше қоюға және шешуге, көлік саласындағы және онымен байланысты салалардағы заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді барабар қабылдауға, сондай-ақ ғылым мен практикаға өз үлесін қосуға қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлауға арналған. Оқыту кезеңінде бәсекеге қабілетті, шығармашылық және инновациялық ойлайтын, ғылыми зерттеулер саласында, көлік техникасы мен технологияларын жобалау, дайындау және пайдалану саласында, оның ішінде ғылыми-зерттеу қызмет түрлері саласында өз білімдері мен дағдыларын іске асыра алатын кәсіби құзыреттіліктер мен жеке қасиеттерді қалыптастыру үшін жағдайлар жасалады, көлік техникасын жобалау, дайындау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу қызметінің дамуындағы қазіргі заманғы үрдістер туралы білім алынады. Докторантураны аяқтағаннан кейін білім алушы: 

  • көлік техникасы тиімділігінің проблемаларын өз бетінше зерттеу және шешуге, сондай-ақ жас мамандарды даярлау кезінде өз білімі мен іскерлікті қалыптастыруға қабілетті білімдерге және практикалық дағдыларға;
  • ғылыми-зерттеу жұмысы және оқытушылық қызмет дағдыларына ие болады.

Білім беру үдерісі барысында мынадай маңызды құзыреттер қалыптастырылады:

  • Зерттеу міндеттерін шешу үшін теориялық және эмпирикалық сипаттағы гипотезаларды дербес тұжырымдау, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін академиялық, сараптамалық және кәсіби ортада жарияланымдар мен баяндамалар түрінде ұсыну мүмкіндігі.
  • Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-сөйлеу қарым-қатынасын және оқытуды жүзеге асыру қабілеті
  • Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде процестер мен құбылыстарды бағалау қабілеті
  • Көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін зерттеу, олардың бөлшектерінің жұмыс беттерінің тозуға төзімділігін қамтамасыз ету қабілеті
  • Автомобильдердегі техникалық жүйелерді зерттеу, оларда ғылымды қажет ететін технологияларды қолдану мүмкіндігі
  • Зерттеу объектілерінің қасиеттерін эксперименттік бағалау, ғылыми экспериментті жоспарлау және жүргізу, эксперименттік зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету қабілеті

8D07104 "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" ББ түлектері ғылыми-зерттеу зертханасының, ғылыми орталықтың, технопарктің басшысы, департамент / басқарма / комитет басшысы, кіші / аға / жетекші / бас ғылыми қызметкер, аға оқытушы / қауымдастырылған профессор / профессор лауазымын атқара алады.

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері барлық меншік нысанындағы ҚР кәсіпорындары, сондай-ақ білім беру мекемелері мен ғылыми-зерттеу зертханалары болып табылады.

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқыту үшін заманауи "Лу Бань шеберханасы" инновациялық зертханасы құрылды, ол қазірдің өзінде инженерлік практика, көлік техникасы мен технологиялары саласында, сондай-ақ экологиялық гибридті автомобильдермен және электромобильдермен жұмыс істеуге  білікті мамандарды даярлай алады.

   Luban Workshop («Лу Бань шеберханасы») – 2 сектордан тұрады:

  • Отын, гибридті және электр автомобильдеріне қызмет көрсету технологиялары секторы жеке ғимаратта орналасқан. Оқу зертханалық жабдықтар кешені, іштен жану қозғалтқышы, гибридті күш қондырғысы бар автомобильдердің және электромобильдің соңғы үлгілерін, сондай-ақ аталған автомобильдердің, олардың агрегаттары мен жүйелерінің құрылысын, диагностикасы мен техникалық сервисін зерделеу бойынша оқыту платформаларын қамтиды.
  • Автомобильдердің SMART технологиялары секторы автомобильдердің белсенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды автономды жүргізу бойынша автомобиль құрылымдарында SMART технологиялары мен жасанды интеллект элементтерін іске асыратын жабдықтар кешенін қамтиды.

Бұдан басқа, Көлік, көлік техникасы және технологиялар бағыты бойынша автомобиль отындары мен майларын сертификаттық сынау жөніндегі "САТиМ" ҒӨО" ғылыми-өндірістік орталығы бар, оған автомобиль бензиндерін, дизель отындарын және майлау материалдарын сынау жөніндегі жабдықтар кешені кіреді.

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасының арнайы пәндері бойынша сабақтарды 1 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты жүргізеді. Докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.
Білім беру бағдарламасын іске асыру кезінде білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту міндетті болып табылады. Докторанттардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республикалық және халықаралық маңызы бар басылымдарда үнемі жарияланып тұрады.

Докторанттар халықаралық рейтингі жоғары университеттерде міндетті шетелдік тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар, олар диссертациялық зерттеу нәтижелері туралы баяндамалармен халықаралық ғылыми конференцияларға қатысады.

Бітіргеннен кейін білім алушыға "8D07104 Көлік, көлік техникасы және технологиялары"білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі.

Докторанттардың сабақтары мен ғылыми консультацияларын өткізу үшін бірқатар шетелдік ғалымдар тартылды. Көлік, көлік техникасы және технологиялары бағыты бойынша Халықаралық инженерия мектебінің штаттық профессоры - Kot Marcin Adam-Doctor PhD Habil. Eng. профессор AGH University of Krakow.

Арнайы пәндер мен ғылыми кеңестерді жүзеге асыратындар шетелдік ғалымдар:

  • Piotr KOWALEWSKI, Associate professor, DSc. PhD. Eng. Wroclaw University of Science and Technology
  • Wojciech Wieleba Professor, DSc, Eng. Wroclaw University of Science and Technology
  • Liang Fang, Doctor PhD Tianjin University of Technology and Science
  • Sroka Zbigniew, Professor DSc, Eng. Wroclaw University of Science and Technology
  • Bouchner Petr, Doctor PhD,  Professor Czech Technical University in Prague
  • Войнарович Сергій, техника ғылымдарының кандидаты, Е. О. Патон атындағы Электрмен дәнекерлеу институты Украина ҰҒА.