7M05301 - Техникалық физика

  Мәтінді оқу  

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Физика, конденсирленген күй физикасы, нанотехнологиялар және аддитивті технологиялар саласында, нарықтық экономика жағдайына бейімделген, зерттеу, жобалау және кәсіпкерлік қызметті үйлестіру жолымен өндірістік міндеттердің барлық кешенін талдауға, білуге және орындауға қабілетті жоғары білікті, сұранысқа ие мамандарды дайындау.

7M05301 «Техническая физика» білім беру бағдарламасының түлектері лаборатория бастығы; лаборатория бастығының орынбасары; инженер-зерттеуші; инженер; аға ғылыми қызметкер; ғылыми қызметкер; инженер-оператор лауазымдарын атқара алады.

Кәсіби қызмет саласы: Жаңа материалдарды, технологияларды, аспаптар мен құрылғыларды зерттеуді, әзірлеуді, жасауды және пайдалануды қамтитын ғылым мен техника салалары.

Кәсіби қызмет объектісі: Физикалық процестер мен құбылыстар, физикалық және физикалық–технологиялық аспаптар, жүйелер мен кешендер, сондай–ақ ғылыми-зерттеу, ғылыми–өндірістік, жобалау-конструкторлық ұйымдар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар, орталықтар мен жоғары оқу орындары.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • теориялық және қолданбалы физика саласындағы зерттеуші, инженер-зерттеуші және инженер-әзірлеуші, ғылымды қажетсінетін және компьютерлік технологиялар, математикалық модельдеу, энергия үнемдеу және әр түрлі объектілердің, процестер мен технологиялардың энергетикалық тиімділігін арттыру саласында жоғары білім деңгейіне ие жоғары білікті маман;
  • жобалау-іздестіру, ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми қызметкер, оқу орындарында (орта кәсіптік, жоғары) оқытушы.

Кәсіби қызметінің функциялары:

1. Ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметі:

  • кәсіби қызмет объектісінің бейініне сәйкес жаңа ғылыми нәтижелерді, ғылыми әдебиетті немесе ғылыми-зерттеу жобаларын зерделеу;
  • физика, химия, биология, экономика, медицина, экология саласындағы қолданбалы міндеттерді шешу үшін ғылымды қажетсінетін технологиялар мен бағдарламалар пакеттерін қолдану;
  • математикалық болжау және жүйелік талдау әдістерімен ақпараттық жүйелерді зерттеу;
  • жоғары өнімді есептеуіш технологиялардың қазіргі заманғы әдістерімен үлкен жүйелерді зерттеу, жүргізілген зерттеулерде заманауи суперкомпьютерлерді қолдану;
  • жүргізілетін ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыбы бойынша математикалық модельдерді, алгоритмдерді, әдістерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, аспаптық құралдарды зерттеу және әзірлеу;
  • жүргізілетін зерттеулер тақырыбы бойынша ғылыми шолулар, рефераттар және библиография жасау;
  • ғылыми семинарлар, ғылыми-тақырыптық конференциялар, симпозиумдар жұмысына қатысу;
  • ғылыми және ғылыми-техникалық жарияланымдар дайындау.

2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

  • ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызметтің сапасын басқару процестерін әзірлеу және енгізу;
  • кәсіби этика кодексін сақтау;
  • өндірістік процестерді іске асыру үшін қажетті ғылыми-зерттеу қызметі мен ресурстарын жоспарлау;
  • ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет процестерінің сапасын бағалау және мониторингілеу әдістері мен тетіктерін әзірлеу.

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқыту үшін "АЭИ ҚР ҒЯО" АҚ, "ҮМЗ" АҚ, "ТехноАналит" ЖШС және басқа да кәсіпорындармен бірлескен ынтымақтастық және іс-тәжірибелік базаны ұйымдастыру туралы шарттар жасалды, онда көшпелі сабақтар, оқу және өндірістік іс-тәжірибелер өткізіледі және 7M05301 – «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының түлектеріне жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету қарастырылған.

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасының арнайы пәндері бойынша сабақтарды 7 PhD докторы. Оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту міндетті болып табылады. Магистранттардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республикалық және халықаралық маңызы бар басылымдарда үнемі жарияланып отырады. Магистранттар ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық және Халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді қатысады.

Магистранттар академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысады. Серіктес ЖОО: "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті (НИЯУ МИФИ), Мәскеу қ., Ресей, Вроцлав ғылым және технологиялар университеті, Вроцлав қ., Польша, Люблин политехникалық университеті, Люблин қ., Польша.

Бітіргеннен кейін білім алушыға 7M05301 – «Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша магистр академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратура бітіргеннен кейін түлектер 8D05301 – «Техникалық физика» мамандығы бойынша Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ (PhD) докторантурасында оқуын жалғастыруға мүмкіндіктері бар.

2023 жылы магистрант түлектерін жұмысқа орналастыру 100% құрады.