6В07118 – Цифрлық агросистемалар

(бакалавриат, оқу мерзімі 4 жыл)

Білім беру бағдарламалары тобының коды – В071 Инженерия және инженерлік іс
Күндізгі бөлім: оқу мерзімі 4 жыл

Бейіндік пәндер:
1 бейіндік пән – математика, 2 бейіндік пән – физика

Берілетін дәреже:
Техника және технологиялар бакалавры

Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін, тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аграрлық салада цифрлық технологияларды әзірлей, енгізе және сүйемелдей алатын жоғары білікті мамандар даярлау.

Кәсіби қызмет объектісі:
Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және өңдеуге арналған машиналық технологиялар мен машиналар кешені; фермерлік және шаруа қожалықтары.

Кәсіби қызмет саласы:
Агроөнеркәсіптік техниканы жобалау; ауыл шаруашылығын цифрландыру.

Маманның лауазымдары:

  • техникалық сервис кәсіпорындарының инженері
  • техникалық инспекция инженері
  • жобалау ұйымының инженері

Кәсіби қызмет функциялары:

  • өндірістік-технологиялық
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық
  • есептік-жобалық

Оқуды аяқтағаннан кейін берілетін дәреже:
«6В07118 Цифрлық агрожүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры

Соңғы өзгерістер күні:
26.03.2026