Ғылыми-зерттеу қызметі департаменті

  Мәтінді оқу  

Ғылыми-зерттеу қызметі департаменті - университеттің құрылымдық бөлімшесі, оның мақсаты әлемдік экономиканың ғылыми-технологиялық дамуының басым салаларындағы жарияланымдар мен ғылыми нәтижелердің үлесі бойынша елдің техникалық жоғары оқу орындары арасында ғылымда көшбасшылық позицияны қамтамасыз ету болып табылады.

Негізгі міндеттер:

  • ғалымдардың ғылыми әлеуетін және зерттеу өнімділігін арттыру;
  • халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларын және пәнаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көздерін әртараптандыру және ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды нығайту.

Функциялар:

  • құзыреттілік және технологиялар трансфері орталықтарының, ғылыми орталықтардың, университет мектептерінің ғылыми-зерттеу қызметіне ұйымдастырушылық, әдістемелік және консультациялық, ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету және үйлестіру;
  • университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің басым бағыттарын қалыптастыру, отандық және шетелдік әріптестермен ынтымақтастықта пәнаралық зерттеу топтарын құру;
  • мегагранттар, гранттық бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (БНҚ), жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру, ҒҒТҚН коммерцияландыру шеңберінде іске асырылатын іргелі және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру және сүйемелдеу;
  • өзекті ғылыми-техникалық міндеттерді айқындау және бірлесіп шешу және университеттің әзірлемелерін өндіріске белсенді енгізу үшін жергілікті атқарушы органдармен, ғылыми-зерттеу институттарымен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, жеке сектормен және коммерциялық ұйымдармен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
  • кадрлық әлеуетті арттыруға және ғалымдардың сыни массасын қалыптастыруға, постдокторанттарды ұстап қалуға және жас перспективалы ғылыми кадрлар ағынын ұлғайтуға жәрдемдесу;
  • ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды жаңғыртуды және заманауи жабдықтар негізінде университеттің эксперименттік, тәжірибелік-конструкторлық базасын құруды қамтамасыз ету;
  • университет бөлімшелері мен қызметкерлерінің ғылыми-техникалық қызметі нәтижесінде құрылатын зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғауды және коммерциялық сатуды сүйемелдеу;
  • зерттеу топтарының, жекелеген ғалымдардың, білім алушылардың ғылыми-техникалық жетістіктерін насихаттау.

Департамент құрамына келесі бөлімшелер кіреді:

  • Зерттеу кеңсесі (research office);
  • Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі;
  • Ғылыми-зерттеу жобаларын сүйемелдеу кеңсесі (SОP office).